«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың құттықтауы

Жаңалықтар
25.10.2023, 09:17
Оқуға 1 мин

Республика күніне орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев теміржолшыларды құттықтады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Құрметті әріптестер және сала ардагерлері!!

Республика күніне орай шын жүректен шыққан ыстық лебізімді қабыл алыңыздар. Бұл күн ата-бабамыздың ғасырлар бойғы аңсаған арманының орындалған күні. Көк туымыз желбіреп, келешегіміз жарқын болсын.

Бүгінгі күннің тарихи маңызы бар. Осы айтулы күні Мемлекеттік егемендік туралы декларациясы қабылданып, ол еліміздің қасиетті Тәуелсіздігіне жол ашты. Қазақстан әлемдік қоғамдастық мойындаған тәуелсіз және демократиялық мемлекет ретінде заңды түрде ресімделген мәртебеге ие болды.

Бұл мереке ел тарихындағы мүлдем жаңа дәуірдің басталуын білдіреді. Қазақстан алғаш рет халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісіне айналды. Осы кезеңде ел үлкен және күрделі жолдан өтіп, айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Еліміз үшін ауқымды және маңызды жобаларды мыңдаған теміржолшылар ұжымы да жүзеге асыруда. Біз тасымалдау қарқынын арттырып, желінің өткізу қабілетін кеңейту жөніндегі міндеттерді шешудеміз, жаңа логистикалық бағыттарды игеріп келеміз.

Құрметті әріптестер! Жемісті еңбектеріңіз, кәсіби маман ретіндегі компанияның дамуына және елдің өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтқым келеді! 

Сіздерге еңбекте табыс, отбасыларыңызға береке мен бірлік тілеймін. Қолға алған барлық істеріңіз сәттілікпен өріліп, жаңа Қазақстанды құру жолындағы ісіміз алға баса берсін!   

Құрметпен, Нұрлан САУРАНБАЕВ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды