25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

«Мойынты – Шу» теміржолына – 70 жыл

Жаңалықтар
24.10.2023, 09:52

Тарихқа – тағзым, өткенге құрмет көрсетуге арналған мерекелік іс-шара тоғыз жолдың торабы Шу станциясында аталып өтті. Қазақ теміржолының тынысын ашып, өңірдің әлеуметтік және экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан теміржол торабының айтулы датасы қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды.

Еңселі ескерткіш алдына жиылған теміржолшылар мен сала ардагерлері бір минут үнсіздікпен Тұрардай қайраткердің жолын жалғап, «Мойынты – Шу» теміржолын салуға атсалысқан, дамытуға еңбек сіңірген азаматтарды да еске алып, рухына тағзым етті.  

Әрі қарай аудандық Мәдениет үйінде жалғасын тапқан салтанатты шараға әрісі Астана мен берісі Алматыдан арнайы келген қонақтар қатарында танымал сала ардагерлері Қалтай Сәмбетов, Дәулетбай Есімбеков, ҚТЖ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемәлиев, т.б. болды.  

Салтанатты жиынды ашқан Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков көпшілікті экономиканың күретамырына айналған теміржолдың мерейтойымен құттықтап, Трансқазақстан магистралінің құрылысын аяқтайтын Мойынты – Шу темір жол желісінің 70 жылдығы айтулы дата екенін атап өтті. Аудан басшысы атаулы мерейтойға орай бір топ азаматты «Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапаттады. Сондай-ақ 20-ға жуық ардагер теміржолшыға «Мойынты – Шу» теміржол желісінің пайдалануға берілгеніне 70 жыл» мерейтойлық медалі тапсырылды.  

Жиында сөз алған ардагерлер ел тарихының елеулі кезеңін қамтитын 70 жылда темір жолда еңбек еткен сала қызметкерлерінің еңбектері мен ел экономикасының дамуына қосқан үлестеріне айрықша тоқталды. Сала ардагерлері кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемәлиев өз сөзінде ғасырлық кезеңге қадам басқан «Мойынты – Шу» учаскесінің бүгінгі таңда көлік-логистиканы дамытуда үлкен маңызға ие екеніне ерекше тоқталды.  

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда нағыз халықтық құрылысқа айналған «Мойынты – Шу» теміржол желісінің мерейтойы Шу ауданы ғана емес, ел тарихында елеулі дата екеніне өз сөзінде ардагер теміржолшы Дәулетбай Есімбеков те тоқталды. Ал Жұмабай Шаяхметовтің немересі Равиль Шаяхметов «Мойынты – Шу» телімінің тарихи маңызын тілге тиек етті.  

Салтанатты шараға арнайы келген «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Адами ресурстарды басқару және әлеуметтік саясат департаментінің атқарушы директоры Әділжан Исмуханбетов те сөз алып, теміржолшылар мен сала ардагерлерін, жалпы Шу ауданы жұртшылығын өңірдің дамуына қызмет етіп келе жатқан болат магистральдың 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Жиын соңы Шу аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концертіне ұласып, ән мен жырдан шашу шашылды.  

Ардақ ҮСЕЙІНОВА, 

Тараз – Шу 

Суреттерді түсірген автор

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде