Алты айда республикаішілік бағытта 35 млн тонна көмір тасымалданды

Жаңалықтар
02.11.2023, 10:33
Суретті түсірген Сара Сахынбек
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биылғы 2023-2024 жылғы жылыту маусымында халықты көмірмен толық қамтамасыз ету үшін мамыр мен қазан аралығында республикаішілік бағытта 35 млн тонна көмір тасымалданған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 237 мың тоннаға көп.  

Соның ішінде ЖЭО, яғни жылу электр орталықтарына 30,5 млн тонна көмір жеткізілген. Бұл да алдыңғы жылға қарағанда 876 мың тоннаға артық. Ал коммуналдық-тұрмыстық секторға 4,5 млн тонна жеткізіліпті. Осы ретте теміржолшылардың жұмыс тобы қатты отынның қалай тасымалданып жатқанын тексеру үшін Астана станциясындағы кіреберіс жолдардағы көмір тиеу жұмыстарын тексерді.  

Мамыр айынан бүгінге дейін Астана қаласының халқы үшін 320 мың тонна көмір жеткізілген, ал негізгі жоспардағы тұтыну көлемі 244 мың тоннаны құрайды. Тұйықтарда көмір қоры жеткілікті екені анықталды, тиеу мен жеткізуде жұмыс бір қалыпты, халық арасында осындай кезде болатын дүрбелең байқалмайды.  

 – Күніне біздің қоймадан 120-130 көлікке көмір тиеп жіберіп отырмыз. Бүгінгі таңда бұл тұйыққа тәулігіне 5-8 вагон келеді. Жалпы 300 тонна көмір қорымыз бар. Шұбаркөл көміріне сұраныс көп. Астана бойынша біз сияқты тұйықтар көп. Теміржолмен байланысты ешқандай мәселе туындамады, – дейді теміржол бойындағы бір көмір қоймасының бастығы Ерлан Кашкенов.  

Бүгінгі таңда көмір тасымалы үшін «Қазтеміртранс» компаниясының 19,7 мың ашық вагоны жұмылдырылған, соның ішінде 10,3 мыңы энергетикалық көмірді тасымалдауға, 9,4 мыңы коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізуге қолданылуда. Сонымен бірге көмірдің қай тасымалы болса да тиеу жұмыстары күшейтілген және үздіксіз сипатта атқарылып отыр. Берілген өтінімдерге сәйкес жүк жөнелтушілерді жылжымалы құраммен дер кезінде қамтамасыз ету бойынша барлық тиісті шаралар қабылдануда.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті