Елімізде қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы әзірленуде (Фото)

Жаңалықтар
10.11.2023, 16:06
Фото: Александр Жабчук

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да өндірістік қауіпсіздік бойынша V форум өтті. Іс-шара «Тәртіп. Қорғаныс. Қауіпсіздік» ұранымен өткізілді. Бесінші мерейтойлық форум маңызды оқиға және еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау саласындағы ірі сараптамалық алаң болды.

Күн тәртібінде қауіпсіздік саласындағы мәселелер, жарақаттану деңгейін төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Спикерлер жаңа технологияларды қолдану тәжірибесімен және еңбек қауіпсіздігі саласындағы үздік тәжірибелерімен бөлісті.

Форум жұмысына «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Гибрат Ауғанов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Александр Ширхубер, Австрия Федералдық темір жолдарының өкілі Эдит Шиндлбахер, ҚТЖ және еншілес ұйымдардың, жол бөлімшелері мен магистральдық желі басшылары қатысты, HSE саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов еңбекті қорғау Компания қызметінің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті, өйткені теміржолшылар ұжымының 90%-і жоғары қауіпті жарақат алу аймағында жұмыс істейді. Осыған қарамастан, нөлдік жарақатқа қол жеткізу – жүзеге асырылатын мақсат және басқарылатын процесс. Бұған жарқын мысал: ҚТЖ желілік деңгейдегі кәсіпорындардың 73%-і 5 және одан да көп жыл жарақатсыз жұмыс істейді. 276 кәсіпорын 20 жылдан астам жарақаттанудың бірде – бір жағдайына жол бермеді, 3 кәсіпорын – 30 жылдан астам.

«Табыстың құпиясы - әрбір қызметкер, әрбір басшы, кіші буын командирлерінен бастап кәсіпорынның бірінші басшыларына дейін технологиялық процесте қол қойылған талаптарды қатаң құрметтейді және орындайды», - деді Қ.Әлмағамбетов.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметінде жұмыс орындарындағы кәсіптік тәуекелдердің алдын алуға және болдырмауға бағытталған Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы әзірленіп жатқаны атап өтілді. Жыл соңына дейін қабылданатын құжатты әзірлеуге технологиялық процестерді жақсы білетін және практикалық жұмыста айтарлықтай тәжірибесі бар ҚТЖ білікті мамандары қатысады.

ҚТЖ Техникалық саясат департаментінің директоры – бас инженер Батыр Котырев тиімді ішкі бақылау қауіпті әрекеттерді анықтап, жолын кесуге және қауіпті жұмысты тоқтатуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Алайда, егер қызметкер өзінің өмірі мен денсаулығына байыпты қарамаса, ешқандай ережелер жұмысты қауіпсіз ете алмайды.

Форумда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерінде өзін ерекше көрсеткен қызметкерлер марапатталды. Марапатталғандар арасында «Жолаушылар тасымалы» АҚ – «Западный» өңірлік филиалы Маңғышлақ учаскесінің еңбекті қорғау инженері Шолпан Құдайбергенова бар. Ол теміржолда 34 жыл жұмыс істейді, оның 26 жылы – қауіпсіздік саласы. Оған «Желілік деңгейдегі үздік маман - мамандығына адалдығы үшін» номинациясы бойынша «Үздік маман» атағы берілді.

Форум аясында жұмыс орнындағы қауіпсіздік саласындағы заманауи жеке қорғаныс құралдарының, медициналық аппаратураның, VR-технологиялардың, цифрлық шешімдердің көрмесі ұйымдастырылды.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты