«Шығыс Қазақстан Ресей мен Қытай арасындағы транзиттік хабқа айнала алады

Жаңалықтар
13.11.2023, 11:39
ШҚО әкімдігі

Облыс ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен шектеседі әрі оның басты сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.

Ресейден шекара маңындағы өткелдерден ҚХР Шыңжаң - Зимунай сауда шекаралық аймағына дейінгі арақашықтық ШҚО аумағы бойынша 569 км құрайды. Бұл - Орталық және Батыс Ресейден Қытайға апаратын ең қысқа автомобиль жолы.

«Біртұтас экономикалық кеңістікте бола отырып, бір-бірімізбен бәсекелеспей, біз кооперацияны дамытып, бірлескен қызметтен пайда таба аламыз. Қазақстаннан ШҰАА-ға импорттың үлесі қазірдің өзінде 44%-ды құрайды. Бұл цифрлар оңтайлы және жолға қойылған өткізу арналары мен нақты өңделген логистиканың бар екендігін көрсетеді», - деп атап өтті Ермек Көшербаев.

Облыста өнімді сақтайтын заманауи қоймалары бар ірі көтерме-бөлшек сауда орталығының құрылысы аяқталып қалды. Сонымен қатар қытай тарапы ҚХР-ға агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін жеткізу бойынша техникалық кедергілерді алып тастау мақсатында зертхана ашуды келісті.

Зертханада қазақстандық өнім зерттеледі. Ресей Федерациясының өңірлері (Алтай өлкесі, Омбы, Томск) Қытайдың верификацияланған талаптары бойынша өнімдерді тексеруге мүмкіндік алады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі сондай-ақ ШҚО арқылы Моңғолия - Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-транзит жолын жаңғырту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Жыл сайын Ресейде 8-10 мың тонна лецитин өндіріледі, сондай-ақ  тағы да 10 мың тоннаға жуық әкелінеді. Бұл салада Шығыс Қазақстанның өз серіктестеріне ұсынары бар.

«Біз алдағы уақытта ҚХР-ға дайын өнімді экспорттау үшін Ресей Федерациясының Батыс Сібір, Орал, Солтүстік Кавказ аймақтарында өсірілген майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша жеткілікті қуаттылыққа ие болып отырмыз. Облыста жаңа май-экстракциялық зауыттарды іске қосу қолданыстағы өндірістерді ескере отырып, май тұқымдарын қайта өңдеу көлемін 900 мың тоннаға дейін, өсімдік майларын экспорттау көлемін 1,8 есеге өсіруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ «Altyn Shygys» ЖШС базасында жылына 4 мың тонна лецитин өндіретін күнбағыс тұқымын терең өңдеу жобасы жүзеге асырылуда, - деп хабардар етті форумға қатысушыларды Ермек Көшербаев.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты