2027 жылға қарай Транскаспий дәлізінің өткізу қабілетін 10 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр – министр

Жаңалықтар
17.11.2023, 10:41
Сурет: Көлік министрлігі

Мемлекет басшысының Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту туралы тапсырмасына сәйкес көлік министрі Марат Қарабаев республиканың көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша шетелдік компаниялармен бірқатар екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көлік министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркиядан келген конгломераттық компания Albayrak Group Каспийдегі теңіз портының инфрақұрылымын жаңғыртуға инвестиция салуға дайын. Халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі директор Джумхур Гюзелтчи компанияның мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Albayrak Group Трабзон, Могадишо, Конакри және Баку қалаларындағы порттарды басқарады. Холдинг жүктерді үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге және Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы тасымалдау көлемін ұлғайтуға қызығушылық танытады.

Global DTC (сингапурлық PSA-ға тиесілі) және KPMC (PSA және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірлескен кәсіпорны) компанияларының басшылығымен кездесуде Азия мен Еуропа арасындағы Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша транзит пен сауданы дамытуға қатысты мәселелер көтерілді.

2022 жылғы тамызда «ҚТЖ» мен PSA арасында Транскаспий халықаралық көлік маршруты менцифрлық сауда дәлізін дамыту саласындағы ынтымақтастықты көздейтін меморандумға қол қойылғанын естеріңізге сала кетейік.

PSA International – Сингапурдағы жетекші компаниялардың бірі, құрамына 60-тан астам теңіз, теміржол және ішкі терминалдар кіреді.

Сонымен қатар министр Марат Қарабаев Rail Cargo Group өкілі Даниэль Дезсомен кездесіп, екі жақ компанияның ТХКМ қауымдастығына кіру және Қазақстанда өкілдік ашу мүмкіндіктерін талқылады.

Rail Cargo – Австриядағы тәуелсіз жүк тасымалдау компаниясы, Еуропаның 18 елінде кеңселері бар. Компания ЕО-дағы жетекші теміржол логистикалық компаниялардың бірі болып табылады және жылына 507 мыңға жуық пойызға қызмет көрсетеді.

Қазіргі уақытта Rail Cargo Транскаспий халықаралық көлік маршрутына баса назар аударып отыр.

Мүдделі тараптармен жүргізілген келіссөздер барысында М.Қарабаев Президенттің тапсырмасына сәйкес көлік министрлігі елдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға ерекше назар аударатынын атап өтті. Осыған байланысты ведомство қажетті қолдау шараларын көрсетугедайын.

«Бүгінде министрліктің алдында Қазақстанның сенімді континенттік транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайту міндеті тұр. Мемлекет басшысы республика әуежайларында мультимодальды хабты дамытудың маңыздылығын атап өтті», - деді министр.

Сондай-ақ ведомство басшысы Транскаспий халықаралық көлік маршрутының маңызды буынысаналатын Орта дәлізді одан әрі дамыту жоспарларымен бөлісті.

«2022 жылдың қараша айында Әзербайжан, Грузия және Түркиямен бірлесіп «тар жерлерді» синхронды түрде жою жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Нәтижесінде 2027 жылға қарай Транскаспий халықаралық көлік маршрутының өткізу қабілетін жылына 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін ұлғайту және жеткізу мерзімін 14-18 күнге дейін қысқарту жоспарланып отыр. Өздеріңіз білетіндей, орта дәліздің географиясы белсенді түрде кеңейіп келеді. Біз осы саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз», деп атап өтті көлік саласына жауапты министр Марат Қарабаев.

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады