Ардагерлер елордада бас қосты

Жаңалықтар
05.12.2023, 11:30
Суретті түсірген Нұрсұлтан ИБРАЕВ
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржолшы ардагерлер кеңесіне биыл 10 жыл толып отыр. Айтулы датаға орай елордада өткен салтанатты шараға өңірлердегі филиалдар төрағалары келді.

ҚТЖ ғимаратында бас қосқан ардагерлерді компания басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов пен «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев арнайы құттықтады. 2013 жылы 12 желтоқсанда құрылған ардагерлер кеңесі құрамында бүгінде 48 мың зейнеткер теміржолшы бар. Жиын барысында компания өмірінде сала ардагерлерінің алатын орны мен маңызы сөз болды.  

– Келесі жылы Қазақстанда темір жол пайда болғанына 120 жыл толады. Жалпы ардагерлердің кейінгі жастарды тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын дамыту, теміржолдың тарихын жазу, мұражайларды құру ісінде еңбегі зор. Музейлердің көбі осы ардагер теміржолшылардың күшімен жасақталған. Жаңа жылдан бастап жаңа Ұжымдық шарт қабылданады, онда сіздердің жолдаған ұсыныстарыңыз ескерілді. Ардагерлердің теміржолға сіңіріп жатқан еңбегі әлі де көп, алдағы уақытта да сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бізге керек, – деді Оразғали Ахметбаев.  

Ардагер теміржолшы Куаныш Котырев кеңес тарихы мен даму жолы туралы баяндап, қазіргі таңдағы түйінді мәселелер шешімі бойынша ұсыныстар берді. Зейнетке шыққан теміржолшыларға көрсетілетін көмек пен берілетін материалдық қолдау туралы толық ақпарат берілді. Қ. Әлмағамбетов ардагерлерді компания басшылығы бастамасымен арнайы жасалған 10 жылдық төсбелгісімен марапаттады. Іс-шара аясында ардагерлер ҚТЖ-ның бас ғимаратындағы музейді және қаланың көрікті жерлерін аралады.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті