Теңіз порттарын дамыту қалай жүріп жатыр?

Жаңалықтар
13.12.2023, 12:55
Суретті түсірген Александр Жабчук
Қазақстан теміржолшысы

Жақында үкімет отырысында су көлігін дамыту мәселелері қаралды. Онда теңіз көлігі саласын дамыту бойынша оң серпін сақталып отырғаны айтылды. Биыл 11 айда теңіз порттары арқылы тасымалдау көлемі 6,5 млн тоннаны құраған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10 пайызға артық.

Қазақстан сауда флотының қарамағында қазір 20 кеме бар, оның ішінде Қара және Жерорта теңіздерінде мұнай тасымалдаумен айналысатын 2 танкер, 4 құрғақ жүк, 3 контейнерлік кеме және Каспий теңізінде жұмыс істейтін 11 танкер бар.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, саланы дамыту бойынша жақсы көрсеткіштерді Транскаспий халықаралық көлік бағыты қамтамасыз етіп отыр. Аталған бағыт бойынша тасымалдау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге – 2,5 млн тоннаға дейін өскен. Бұл ретте аталған бағыт бойынша қазақстандық өнімнің экспорты 3 есеге артыпты. Сонымен қатар импорттық жүк ағынының өсімі байқалады. Бұл еуропалық компаниялардың Транскаспий халықаралық көлік бағытына деген қызығушылығын көрсетеді.

«Мемлекет басшысы Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемін 5 есеге арттыру міндетін жүктеді. Ол үшін Әзербайжан, Грузия және Түркиямен арнайы Жол картасына қол қойылды. Аталған құжатқа сәйкес әр ел өзінің көлік инфрақұрылымын ілеспе дамыту бойынша шаралар қабылдап жатыр. Қазақстандық экспорттаушылармен және Maersk, Cosco Shipping және PSA сияқты ірі халықаралық көлік-логистикалық компаниялармен бірлесіп, аталған маршрутқа бағдарланған жүк базасына талдау жүргізілуде. Нәтижесінде біз алдағы 5 жылда Транскаспий халықаралық көлік бағытына түсетін жүктеме бойынша жағдайды алдын ала болжай аламыз», - деді министр.

Министрдің пайымдауынша, саланы одан әрі дамыту үшін тасымалдау көлемінің серпінді өсуін ескере отырып, 6 негізгі міндетті шешуге шоғырландыру қажет. Олардың қатарында, теңіз порттары акваториясының түбін тереңдету, терминалдық қуаттарды дамыту және олардың негізінде бонд аймақтарын құру, порттарға баратын теміржол инфрақұрылымын дамыту, көлік дәліздерін цифрландыру, сауда флотын арттыру, навигациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бар.

Бұдан әрі Көлік министрлігінің басшысы аталған міндеттерді шешу үшін жүргізіліп жатқан, жоспарланған әрі ұсынылып отырған шараларды атап өтті.

Атап айтқанда, Құрық портының акваториясында түбін тереңдету жұмыстары 2024 жылдың шілдесіне дейін аяқталып, кейін Ақтау портында жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Каспий жағалауындағы жеке терминалдар да түбін тереңдету жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Алайда оларға бюджет қаражаты көзделмеген. Сонымен қатар порт инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығын назарға ала отырып, мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігі қарастырылуда.

Көлік министрлігінің басшысы қазылған топырақ терминалдық қуаттарды одан әрі ұлғайту үшін пайдаланылатынын атап өтті. Олардың есебінен ауданы 170 гектарға жуық жаңа аумақтар құрылатын болады. Перспективалы учаскелер бойынша Abu Dhabi Ports, Rhenus және Shandong port компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

Сондай-ақ келесі жылдан бастап Ақтау портында контейнерлік хаб құрылысы басталатыны айтылды. Ляньюньган портымен тиісті келісімге қол қойылған. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі 2024 жылдың сәуір айында дайын болады. Құрық портында биыл астық терминалдарының құрылысы аяқталды. Портта жалпы жүктерге және «жасыл сутекті» ауыстырып тиеуге арналған терминалдар салынады.

Теңіз порттарына іргелес теміржол инфрақұрылымын дамыту үшін «Бейнеу – Маңғыстау», «Жарық – Сексеуіл» және «Шалқар – Құрық» теміржол учаскелерінде 404 шақырымды құрайтын екінші жол салу жоспарда бар. Іс-шаралар магистральдық теміржол желісін 2030 жылға дейін жаңғырту жөніндегі бекітілген жоспарға енгізілген. Сондай-ақ Ақтау портының терминалдарына апаратын қосымша жолдар салынады.

Транскаспий халықаралық көлік бағытын цифрландыру үшін сингапурлық PSA компаниясы Сиань құрғақ портының ақпараттық жүйесімен біріктірілген Digital Trade Corridor цифрлық платформасын әзірледі. Сонымен қатар Қытаймен шекарада транзиттік декларацияларды беру процесін автоматтандыру үшін пилоттық режимде Tez Customs кедендік платформасы енгізілді. Қазір оның Алтынкөл станциясындағы жұмысын PSA қызметкерлері қадағалап отыр.

«Сонымен қатар Digital Trade Corridor цифрлық платформасын Баку портының, Әзербайжан темір жолдарының және Грузияның көлік ұйымдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жүргізілуде. Наурыз айының соңына қарай цифрлық платформа өнеркәсіптік пайдалануға беріледі. Бұл Қытайдан Еуропаға дейінгі жүктер қозғалысының бүкіл процесін цифрландыруға мүмкіндік береді», – деді Марат Қарабаев.

Сауда флотын дамыту үшін қолданыстағы өндірістік объектілер базасында отандық кеме жасау зауытын құру жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде 10 жаңа кеме салу қажет. Кемелердің жаңа үлгілерін «Қазақтеңізкөлікфлоты» жобалап жатыр. Сонымен бірге YDA, Asfat және ADP компаниялары «кеме жасау зауыты» жобасын жүзеге асыруға деген қызығушылық танытуда.

Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін Құрық портындағы кемелердің қозғалысын басқару жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілетін болады. Ақтау портында жүйені 2025 жылдың соңына дейін орнату көзделіп отыр.

 

Әлемде
02.06.2026
Өзбекстанда магистральдық электровоздарға жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді
Жолаушылар тасымалы
02.06.2026
Жолаушылар енді пойыз қозғалысын онлайн бақылай алады
Әлеумет
02.06.2026
Теміржолшылар елді мекенінде жаңартылған гүлзар салтанатты түрде ашылды
Аймақтар
02.06.2026
Маңғыстау темір жолы: кеше және бүгін
Жаңалықтар
02.06.2026
Бес миллионыншы жолаушыны «Нұрлы жол» вокзалында қарсы алды
Әлеумет
02.06.2026
Қызыққа толы күн
Жаңалықтар / Мұрағат
02.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №42 2 маусым 2026 жыл
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады
Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)