Мемлекеттік тілге құрмет: ҚТЖ-Жүк тасымалы челлендж өткізуде

Жаңалықтар
15.12.2023, 10:41
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ана тіліне деген құрметті арттыру мақсатында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығының бастамасымен «Әр сөз маңызды!» челленджі өтіп жатыр.

Челленджді бірінші болып серіктестіктің Орталық аппараты бастап, одан соң Ақмола ЖТ бөлімшесі үн қатып, Маңғыстау, Ақтөбе, Семей, Қарағанды  ЖТ бөлімшелері іліп алып кетті. Қарашада басталған челленджге  қазіргі таңда серіктестіктің вагон және локомотив пайдалану деполары да қосылып, әр аптаның сәрсенбісі теміржолшылар бір-біріне челлендж жолдап, оны компанияның әлеуметтік желідегі ортақ аккаунттарына салып таратуда.

Серіктестіктің Адами ресурстарды басқару және әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Мейрамгүл Ахметованың айтуынша, бұл бастаманы көтерген – бас директордың корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Владимир Бабиченко. 1-3 минут аралығындағы бейнероликте әр мекеме қызметкерлері ұлттық киіммен тұрып, қазақтың белгілі ақындарының өлеңдерін оқиды да, челленджді өздері қалаған ұжымға жолдайды.  

– Компанияның мемлекеттік тіл саясаты аясындағы жұмыстары бойынша біздің серіктестіктің өз бастамасымен әр аптаның сәрсенбі күнін «Мемлекеттік тіл күні» деп жариялаған едік. Челлендждер әр сәрсенбі таңертең 9.00-ден бастап таралады. Сәрсенбі сондай-ақ ұлттық киім киіп келу, тек қазақша сөйлеуге басымдық беріледі. Одан бөлек құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесін 91%-ға жеткізуі бойынша мемлекеттік тілдің қолданылуын және заңнама талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар да бастама алып жатыр, – дейді М.Ахметова.  

Серіктестікте сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көп функционалды қызмет көрсету орталығы» филиалы Мемлекеттік тілді дамыту секторының биылғы 24 қазандағы № ЦЗК/6966 хаттамасына байланысты қазақ тілінің қолдану белсенділігін арттыру жұмыстары жүргізілуде.  

– ЖШМ бойынша құжаттарды мемлекеттік тілде орындауға басымдық беруді талап ету жайлы және мемлекеттік тіл саясатын іске асыратын жауапты маман тағайындау бойынша тапсырма барлық департаменттер және филиал бөлімшелеріне жіберілді. Серіктестік аумағында құжат айналымының мемлекеттік тілде жүргізілуі тұрақты түрде бақыланып отыратын болады, сонымен қатар департаменттер және филиал бөлімшелері бойынша мемлекеттік тілде жіберілетін құжаттардың көлемі жөнінен ақпаратты әр айдың бірінші аптасында есепке алып, талдау жұмыстары жүргізіледі. Қызметкерлерді ынталандыру жұмыстары қарқынды бастама алды, – дейді бас менеджер.  

Сондай-ақ Мемлекеттік тілді дамыту секторы бекіткен Алаш қайраткерлері жөніндегі фильмдерді бөлімшелердегі басшылар мен қызметкерлердің көріп, талқылауы туралы тапсырма барлық департаменттер және филиал бөлімшелеріне жіберілген. Оның ішінде қазақ тіліндегі 45 тарихи фильм бар.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда