Көлік вице-министрі Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сәтжан Аблалиев пен Эгидиюс Навикас екі ел арасындағы теміржол және автокөлікпен жүктерді тасымалдау көлемінің оң динамикасы байқалғанын атап өтті.

Тараптар келесі жылдың I тоқсанында Вильнюс қаласында Қазақстан мен Литва арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі алдағы үкіметаралық комиссия шеңберінде өзара іс-қимылды арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстандағы Литва дипмиссиясының басшысы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік маршруты шеңберінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға қызығушылық білдірді.