ҚТЖ жобалары үздік деп танылды

Жаңалықтар
20.12.2023, 18:30
Минтранс Казахстана

Елордада 2023 жылғы 20 желтоқсанда «МАГИСТРАЛЬ AWARDS» Көлік және логистика саласындағы I-ші Ұлттық сыйлықтың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. «Қазақстанның көлік кешеніндегі үздік HR-бастамалары» номинациясының жеңімпазы директор Сәуле Истлеева бастаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ адам ресурстарын басқару департаменті болып танылды.

Сыйлықтың мақсаты – перспективалы көлік бастамалары мен стартаптарды қолдау арқылы жалпымемлекеттік экономикалық және саяси міндеттерді шешуде көлік-логистика саласының мәртебесін арттыру.

«Қазақстанның көлік кешеніндегі үздік HR-бастамалары» номинациясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ - ның «Прогрессивті сыйлықақы – бірге жаңа биіктерге», «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бас инженерлері үшін «Бірінші жол» модульдік оқыту бағдарламасы, «Білім экспрессі» Жылжымалы даму мектебі, «HR -Хакатон» және т. б. HR жобалар пакеті ұсынылған.

Прогрессивті сыйлықақы беру жобасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2022 жылы іске асырылды және қазіргі уақытқа дейін таралуда. HR және өндірістік блоктың ынтымақтастығы қызметкерлерді ынталандыру құралдарын әзірледі: жүк айналымының ұлғаюына және тасымалдау құнының төмендеуіне тікелей әсер ететін негізгі шешуші лауазымдар мен көрсеткіштер анықталды.

HR дамытушы жобалар компания қызметкерлерінің кәсіби және жеке-іскерлік қасиеттерін дамытуға бағытталған, компанияның сыртқы және ішкі жаттықтырушыларын тарта отырып, аралас форматта (онлайн/офлайн/ өңірлерге барумен) іске асырылды.

«Білім экспрессі» және «HR-Хакатон» жобаларының менеджерлері Әсел Карманова мен Динар Қарыбаева да сарапшылар қауымдастығы  дипломдарымен марапатталды.

2024 жылға арналған жоспарда - жаңа HR жобаларын іске асыру (көшбасшылық бағдарлама, магистральдық желіні, вагон шаруашылығын, қозғалыс шаруашылығын, кәсіподақ көшбасшыларын пайдалану жөніндегі қызметтер басшылары үшін модульдік даму бағдарламалары).

Байқау үш кезеңде өткізілді: I кезең-қатысуға өтінімдерді қабылдау, II кезең-сараптамалық кеңестің жұмысын бағалау, III кезең-марапаттау рәсімі.

Сондай-ақ, «Көлікті басқару шеберлігі үшін» дипломымен Ақтау халықаралық теңіз порты марапатталды. «Тиімді көлік шешімдерін жасау» номинациясында Магистральдық желі дирекциясы Жол және құрылыстар департаментінің директоры Арман Бұбықанов «Бірінші болтты тесіксіз рельсті алюминий термиттерін дәнекерлеу» жобасы үшін және Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің учаске бастығы Қуандық Темірғалиев «Жылжымалы құрамға арналған күн панельдері негізінде энергиямен жабдықтау жүйесі» жобасы үшін марапатталды. Сондай-ақ, «Салалық дәстүрлерге адалдық» номинациясының жеңімпазы «Қазпрофтранс» ҚБ атанды.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды