ESG-мәдениетін дамыту хақында

Жаңалықтар
22.12.2023, 10:53
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Форум аясында «Жастардың ESG-мәдениетін дамытуға әсері» панельдік талқылауы өтті.

ҚТЖ-ның Әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Замир Серіков модераторлық етіп, спикерлер ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығының бас директоры Елдос Өмірзақов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары – бас инженері Мәрлен Көкірекбаев, «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалының директоры Марат Жайықбаев қатысқан жиын танымдық тұрғыда өрбіді. Модератор спикерлерге жеке-жеке сұрақ қойып, тақырыптар талқылауға ұласты. 

«ESG аббревиатурасы «экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару» дегенді білдіреді. Кең мағынада бұл келесі принциптерге негізделген: коммерциялық қызметтің тұрақты дамуы: қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау (ағылшын, Е – қоршаған орта); жоғары әлеуметтік жауапкершілік (ағылшын, S – әлеуметтік); корпоративтік басқарудың жоғары сапасы (ағылшынша, G – governance). 

«Қазіргі түрінде ESG қағидаттарын алғаш рет БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан тұжырымдаған. Ол ірі жаһандық компаниялардың менеджерлерін осы принциптерді өз стратегияларына, ең алдымен климаттың өзгеруіне қарсы тұруға қосуға шақырды. Қазір бұл принциптер Қазақстанның мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ірі бизнес компанияларына да енгізіліп отыр», – деп түсінік берген модератор алғашқы сұрақты Самұрық-Қазына өкілі Елдос Өмірзақұлына бағыттады. «Қор пайымында ESG деген не? Және ол біз үшін қаншалықты маңызды?» деген сауалға байланысты спикер Самұрық-Қазына қорында ESG принцитерін енгізу бағытында жүргізіп жатқан жұмыстар жөнінде мағлұмат берді. «ESG принциптерінің бірі – ашықтық. Біз Қордың портфельдік компанияларына осы ESG принциптерін, басқа да халықаралық дағдыларды енгізіп жатырмыз. Әсіресе ESGдің қазір біз S, яғни әлеуметтік бағытындағы принциптеріне айрықша тоқталып, осы бағытта әртүрлі жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Жалпы біз қандай жағдайда ESG принциптерін сақтай аламыз? Жұмыс беруші де, жұмысшы да еңбек қауіпсіздігін, еңбектің қорғалуын сақтап, қоршаған ортаны ластамауға мүдделі болса, өз қызметтеріне жауапкершілік танытса, мұның бәрі жалпақ тілмен айтқанда ESG-нің принциптерінің сақталғаны» деді ол. 

Модератордың келесі сауалы «ҚТЖ» компаниясындағы гендерлік саясатқа байланысты Сәуле Машурқызына жолданды. Гендерлік саясатқа қатысты компания ұстанымын білдірген спикердің айтуынша, гендерлік теңдік әйел адамдардың мүмкіндіктерінің шектелмеуін, олардың билікте, саясатта, қаржы, өндіріс секторларында және тағысын тағы салаларда өсуін, олардың да өз ойларын ашық жеткізуін, идеяларын айтуы сияқты принциптерді қарастырады. «Сіздерге де бірбіріңізді сыйлап, жұмыс барысында әріптес қыз-келіншектердің пікірлеріне, идеяларына құлақ асып, олардың қызметтік сатыда өсуіне қолдау білдірулеріңізге тілектеспін» деп сөзін аяқтады С. Истлеева. 

ЕSG приницптерінің бірі – қоршаған ортаны қорғауға байланысты сауалға Марлен Көкірекбаев жауап берді. Айтуынша, «ҚТЖ» компаниясы қоршаған ортаның ластануын мейлінше төмендетуге айрықша мән беріп отыр. Бұл бағытта жыл сайын іс-шаралар жоспары түзіліп, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Экологиялық айлықтар ұйымдастырылады. Локомотив парктерінің жаңартылуы да осы экологияға зиянды шығарындыларды азайта түспек. Келешекте тепловоздардың жанар-жағармайды емес, сутегіні қолданып жүруі сияқты әлемдік тәжірибелері де қарастырылуда. 

Модератордың айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ны көліктік-логистикалық компанияға трансформациялау барысында жаңа трансформациялық процестер ESG-нің принциптерімен біріктіріледі, осы тұрғыда қандай жаңа процестер ҚТЖ-ға сын-тегеуріндер болатынын «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалының директоры Марат Жайықбаев түсіндіріп берді. Ол осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келіп, талантты жастарды өз өңірлерінде трансформациялау жұмыстарын алға жылжытуға, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда