Салалық келісімге қол қойылды

Жаңалықтар
25.12.2023, 13:18
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚР Көлік министрлігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Қазкәсіпкөлік» ҚБ арасында 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша Салалық келісімге қол қойылды.  

Бұл келісім тараптардың әлеуметтік серіктестігінің негізгі құжаты болып табылады және ол тараптардың келісілген әлеуметтік-еңбек саясатын жүргізудің жалпы қағидаттарын бекітеді, көлік кәсіпорындары жұмысын жетілдіріп, теміржол көлігі саласындағы жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғауды күшейтуді қамтамасыз етеді.  

– Бұл үш жақты келісім – әр үш жыл сайын Ұжымдық шарттың алдында қол қойылатын келісім. Бұл Үкімет тарапынан көрсетілетін қолдауды білдіреді. Үш тараптың да өзіндік міндеттері бар. Мәселен, министрлік өз тарапынан теміржолды дамытуға, жолаушылар тасымалын субсидиялауға, әлеуметтік маңызы бар жүктер тасымалын да субсидиялайды. Ал ҚТЖ өз жағынан теміржолдың дамуы бойынша міндеттемелерін алады. Сол сияқты кәсіподақ та міндеттерін белгілейді. Соның бәріне үш жақты келісімнің аясында бақылау жүргіземіз. Министрлік жанындағы салалық комиссия бар, оған компаниядан және бізден бір-бір өкілден кіреді. Үш жақты комиссия Салалық келісімнің орындалуын қадағалайды. Соның негізінде ҚТЖ мен кәсіподақ арасында Ұжымдық шарт жасалады, – дейді «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов.

     Салалық келісім сонымен қатар теміржол жағдайына тиімді мониторинг жүргізуге мүмкіндік беріп, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге септік етеді және теміржол мекемелеріндегі жұмысшылардың әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешу бойынша шешімдерді жылдам қабылдауға ықпал етеді.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті