Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар жауапқа тартылды

Жаңалықтар
24.01.2024, 10:15

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Алматы – Қостанай бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған екі ер адамды анықтады, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.  

Тексеру барысында құқық бұзушылардың Қостанай облысының 41 және 58 жастағы тұрғындары екендігі белгілі болды. Олар жол бойында спирттік ішімдіктер ішіп, қастарындағы жолаушыларға балағат сөздер айтқан. Екеуі де Ақмола облысының Атбасар станциясыда акт бойынша пойыздан түсірілді. Араққа сылқия тойған азаматтар полиция бөлмесіне жеткізу кезінде билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған.  

Оларға қатысты бірден үш, яғни, алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.  

Ұсақ бұзақылық пен бағынбау бойынша материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Рудный қалалық сотына жолданды. Дәл осындай оқиға Қостанай станциясында да орын алды.

Бұл жолы көлік полицейлері Нұрлы-Жол – Орал бағытындағы жолаушылар пойызынан Ақтөбе қаласының 60 жастағы тұрғынын түсіріп алды. Егде жастағы жолаушы пойызда алкогольдік ішімдік ішіп, өз орнында киімдерін шешіп, тыр жалаңаш қалпында ұйықтаған. Осылайша, өзінің сыртқы келбетімен адамның қадір-қасиеті мен адамгершілігін қорлайтын іс жасаған.  

Оған алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін 5 АЕК айыппұл салынып, ұсақ бұзақылық жасағаны бойынша әкімшілік материал сотқа жолданды.  

Естеріңізге сала кетейік, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау — отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.  

Ал, ұсақ бұзақылық жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады