Қазақстан Global Gateway форумында 40 млрд еуро көлемінде инвестиция тарту бойынша жобаларды ұсынды

Жаңалықтар
30.01.2024, 11:46

Брюссельде өткен форумның ашылу салтанатында Қазақстанның Көлік министрлігі мен Еурокомиссия кездесулерінің тұрақты негізде ұйымдастырылып тұратыны атап өтілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көлік министрі өз сөзінде форум қатысушыларына Еуропа мен Орталық Азия арасындағы жүк транзитіндегі елдің шешуші рөлін атап өтіп, Қазақстанның көлік саласының жетістіктері мен даму перспективалары туралы ақпарат берді.

Көлік министрі жүк айналымы озық қарқынмен өсіп келе жатқанына тоқталып өтті. Мәселен, өткенжылдың қорытындысы бойынша тек ҚХР-мен транзиттік тасымалдар 2 есеге өскен, ал транзиттің жалпы көлемі 43 пайызға артқан.

Марат Қарабаев қазақстандық аумақтарды Еуропа мен Азия арасындағы негізгі және орнықты транзиттік бағыт ретінде пайдалануды ұсынды.

Өз баяндамасында көлік министрлігінің басшысы таяудағы 5 жылда көлік саласындағы негізгі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін Қазақстан 40 млрд еуроға инвестиция тартуға ниетті екенін айтты.

«Осы кезеңде ұзындығы 4,7 мың км транзиттік дәліздерді қайта жаңарту және Транскаспий халықаралық көлік маршруты қаңқасының негізін құрайтын жолдарды жөндеу жоспарланып отыр. Жобаларды іске асыру үшін Global Gateway бастамасы аясында қаражат тартуды ұсынамыз және еуропалық мердігер ұйымдарды Қазақстанның автожолдар құрылысының үлкен жобасына қатысуға шақырамыз», - деді министр.

Теміржол саласында ұзындығы 1300 шақырым жаңа магистральдық бағыттардың құрылысы және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі деп күтіліп отыр. Аталған жұмыс Азия мен Еуроодақ арасындағы өткізу қабілетін бірнеше есе арттыруға бағытталған.

Ақтау портында теңіз флотын нығайту және контейнерлік хаб құру үшін инвесторларға терминалдық қуаттарды дамыту үшін 171 га ұсынылады. Сонымен бірге Ақтау және Құрық теңіз порттарын ship-or-pay шарттарымен сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

Сөз соңында Марат Қарабаев еуропалық ұйымдар мен компанияларды маусым айында Астанада өтетін New Silkway форумына қатысуға шақырды. Сондай-ақ биыл қыркүйек айында Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы көлік саласындағы әріптестік бойынша инвестициялық форум ұйымдастыруды ұсынды.

 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда