Теміржолшылар балық аулаудан жарысты (Фото)

Жаңалықтар
02.02.2024, 10:18
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан темір жолының 20 жылдығына орай «Қазкөліккәсіп» ҚБ Орталық кеңесінің Атырау өңірі бойынша өкілдігі ұйымдастыруымен Қиғаш өзенінен балық аулаудан жарыс өтті.

Аймақтағы теміржол мекемелері қызметкерлері арасынан мен деген 40 «балықшы» қатысқан сайыс өте қызықты өтті. Атырау қосалқы және магистральдық желі бөлімшелеріне қарасты станциялар, локомотившілер, вагоншылар, байланысшылар, жолшылар, энергетик, басқа да мекеме өкілдері балық аулаудың шеберлері екенін көрсетуге тырысып бақты. Әрине теміржолшылар үшін ең бастысы жарыста жеңу емес, қатысу, таза ауада бас қосып көңіл көтеру болғаны анық. Әзіл-қалжыңмен күннің шым-шым аязын да елемей, теміржолшылар өте көңілді уақыт өткізді. Алғаш қармағына балық іліккен ПЧ-9 жұмысшысы Қ.Иралиев болды. Ең үлкен балық ұстаған вагоншы Г.Құлбаев болса, бәрінен көп балық аулаған вагоншы Ж.Жанғатаев, ең жас балықшы Е.Ғалымжанов, ал ең тәжірибелі балықшы электрмонтер Б.Нұғыманов болды. Олар балық аулауға арналған құралдар жиынтығы және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Басқа қатысушыларға да кәсіподақ атынан ынталандыру мақсатында ақшалай сыйлық берілді. 

Мұндай шаралар еңбек ұжымдарын ынтымақтастырады, жақындатады, ұйыта түседі. Әзілің жарасып, демалып, таза ауада табысу да бір ғанибет қой! Сол ниетте бәрі де жеңіске жетті деуге болады. Екі-үш сағат табиғатты тамашалап, аязды күнде ашық аспан астында Қиғашқа қиыла қарап отырып, қазаннан жаңа түскен бауырсақ пен ыстық шәй ішкеннің өзі бір демалыс емес пе?! Кәсіподақ ұйымы осылайша ұтымды идеяны жүзеге асырып, баршаны риза етті. 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды