Теміржол ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыс режимін күшейтті

Жаңалықтар
08.02.2024, 19:27
Оқуға 2 мин

 Қазақстан теміржолшылары метеорологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты (қар, қатты жел, боран) ерекше жұмыс кестесіне көшті.  Ол пойыздар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Күшейтілген режимде жол шаруашылығы қызметкерлері жұмыс істеуде. Магистральдық жолдарды үздіксіз тазарту жұмыстары жүргізілуде.  Қар тазалау техникасы жоғары дайындық режимінде.

Қалың жауған  қардың әсерін мамандандырылған машиналар жоюда.  Теміржол төсемін тазарту жұмыстарына 70 астам мамандандырылған техника жұмылдырылды.  Техника өте алмайтын жерлерде сырғанауды жою үшін 2 мың теміржолшы шықты. 1-7 ақпан аралығында 10 мың шақырымнан астам жол жедел тазартылып, 114 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

 Локомотив деполарында машинистер мен көмекшілерге ауа-райының қиын жағдайында әрекет ету тәртібі туралы қосымша нұсқау берілді. Оларға жол бойында қырағылық пен ұқыптылық таныту ұсынылды. Локомотив бригадалары жолаушылар және жүк пойыздарының үздіксіз ілгерілеуін қамтамасыз ету үшін станция бойынша кезекшілерді және пойыз диспетчерлерін жолдың қар жатқан  учаскелері туралы хабардар етеді. Локомотивтер мен вагондардың техникалық жағдайына ерекше назар аударылады.    

Жолаушыларды тасымалдаудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін вокзалдар бойынша кезекшілерге, пойыз жолсеріктеріне жұмысты күшейту ұсынылды.

ҚТЖ құрылымдық бөлімшелері мен филиалдары басшыларының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта теміржол штаттық режимде жұмыс істейді.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда қар жауып, жел секундына 30 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.

Қолайсыз ауа-райы жағдайында жолаушыларға сапардан бас тартуға кеңес беріледі. Анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша, "ktzh_pp_bot" телеграм-боты және @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы тегін алуға болады.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті