Қазақстан мен Әзірбайжан Транскаспий дәлізін дамытуда белсенді жұмыс жүргізуде

Жаңалықтар
09.02.2024, 14:48

Әзірбайжаннан келген делегацияның жұмыс сапары шеңберінде ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өтті. Кездесуге теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов қатысты

Тараптар күн тәртібіндегі көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, сонымен бірге алдағы уақытқа жоспарлар белгіленіп, бұрын-соңды қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды. Атап айтқанда, Әзірбайжан Республикасы цифрлық даму және көлік министрлігі мен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі арасындағы теңіз кемелері экипажы мүшелерінің кәсіби дипломдарын өзара тану, рұқсаттар квотасын (үшінші елдер үшін рұқсат) ұлғайту, Құрық портында түбін тереңдету бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттілігі, сондай-ақ тиеуді жүзеге асыратын локомотивтер санын ұлғайту туралы келісім жобасына қатысты мәселелер қаралды. Екі тарап сонымен қатар 2022-2027 жылдарға арналған Қазақстан, Әзірбайжан және Түркия аумақтары бойынша «тар» орындарды синхронды жою және орта дәлізді дамыту бойынша қол қойылған Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде мәселелер қаралды.

Өз кезегінде көлік министрлігінің өкілі дәліздің қуатын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Оның айтуынша, 2023 жылы Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы ауыстырып тиеу көлемі 65%-ға артып, 2,76 млн тонна жүкті құрады.

«Тар» орындарды синхронды жою және Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде дәліздің қуатын кеңейту бойынша екі тарап та белсенді жұмыс жүргізуде. Аталған Жол картасын өзектендіру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Өз кезегінде Қазақстан өңірдегі көлік-транзиттік әлеуетті дамытуға және көлік дәліздерін жаңғыртуға күш салуда», – деді Қасым Тілепов.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Әзірбайжанмен өткізілетін үкіметаралық комиссия отырысының күнін белгіледі. Аталған отырыс 6 наурызда елордасы Астана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті