Жыл басынан бері 6000-нан аса құқық бұзушы белгіленбеген жерлерден темір жолдарды кесіп өткен

Жаңалықтар
26.02.2024, 11:50
Оқуға 2 мин

Өткен аптада Көліктегі полиция департаментінде пойыздардың адамдарды қағып кетудің 5 фактісі тіркелді. Жазатайым оқиғалар Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының аумағында орын алды. Үш факті бойынша адамдар теміржол жарақатын алса, екеуі өліммен аяқталады. Бұл туралы Департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Көліктегі ПД қызметкерлері теміржол төсемінде жарақат алу мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында тұрғындармен және оқу орындарының оқушыларымен тұрақты негізде кездесулер өткізіп тұрады. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде ағымдағы кезеңде Департаментте жылжымалы құрамның балаларды қағып кетудің бірде-бір фактісі тіркелген жоқ. Десек те, кейбір азаматтар теміржол көлігі объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін бұзуды жалғастыруда, ал оның соңы ауыр зардаптарға әкеп соғады.

«Мысалы, осы жылдың басынан бері теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзудың, яғни азаматтардың белгіленбеген жерлерден теміржолды кесіп өтудің 6179 фактісі анықталды. Сондай-ақ теміржолда адамдардың, үй жануарларының болуына және бөгде заттарды қоюға байланысты поездарда шұғыл тежеуді қолданудың 280-нен астам фактісі тіркелді», - деді М. Айтуғанов.

«Теміржолдағы қауіпсіздік тақырыбы өте өзекті мәселе. Азаматтар көбінесе, аспалы көпірлерден өтпей, жолды қысқарып, уақытты үнемдегісі келеді. Мұның соңы теміржол жарақатын алуға немесе адам өлімі жағдайларына әкеп соғады. Сондықтан бір минутты үнемдеймін деп өміріңізді қысқартып алмаңыз. Ең бастысы, бірнеше қарапайым ережелерді есте сақтаған жөн: «Теміржол жаяу жүргіншілерге арналған жол емес!», «Теміржол ойын алаңы емес!», «Теміржол – аса қауіпті аймақ!», - деді полиция полковнигі.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 5-29 ақпан аралығында Көліктегі ПД қызмет көрсету аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және теміржол көлігі объектілерінде жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру мақсатында «Қауіпсіз жол!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды