«Қазпошта» АҚ теміржол вагоны арқылы жедел жеткізу бағытын іске қосты

Жаңалықтар
04.04.2024, 14:25

Бүгін Маңғыстау теміржолына алғаш рет пошталық вагон үш күнде келіп жетті. Пошта жөнелтілімдерін тасымалдау үшін арнайы жабдықталған вагонды «Қазпошталықтар» мен қала тұрғындары қуанышты көңіл күймен күтіп алды.    

2 сәуір күні  Алматы -2 станциясынан №77 «Алматы –Маңғыстау » бағытында жолға шыққан жолаушылар пойызының құрамындағы пошта вагоны үшінші тәулікте Маңғыстауға келді. Осылайша жаңа бағыттың арқасында хат-хабарлар мен  сәлемдемелерді жеткізу уақыты қысқарды. Бұған дейін жүктер Ақтөбе облысына келіп сұрыпталатын. Сонан соң Маңғыстау облысына жөнелтіліп, жеткізілім бір аптаға, тіпті он күнге созылатын.    

Жақсы жаңалықты ән-күймен, шашу шашып қарсы алған жұртшылық сенімді және уақыты әлдеқайда тез келетінге өзгерген  поштаның жаңарған қызметі  үшін қуанышты екендіктерін  жеткізіп жатты.  

«Осыны іске асыруға оңтайлы шешім табылмай жүргеніне 17 жыл болып еді.  Басқарма төрайымы Әсел Жанасова «Қазақстан темір жолы» Ақ бірлесе жұмыс істей отырып, пошта вагонын жолаушылар пойызына қосты. Алматыдан келе жатқанда оңтүстікпен жүріп отырып, яғни  Шу,  Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Шалқар, Бейнеу елді мекендерінде пошта алмасады. Астана пойызы арқылы еліміздің  солтүстік өңірінен күнара, яғни 2 күн сайын  пошта алмасып отырмыз. Ал  елдің батыс аймағына Ақтөбеден күнделікті келетін пойыз арқылы  пошта қызметі көрсетіледі»- дейді «Қазпошта» АҚ Маңғыстау облысы филиалының  директоры Нұрболат Ақтаев.      

Пойыз Маңғыстаудың соңғы станциясына 3-ші күні келіп, пошта вагоны түсіріледі. Келесі күні «Маңғыстау –Алматы» бағытындағы №78 жолаушылар пойызының құрамымен Алматыға кері қайтады.  

Теміржол арқылы жедел жеткізудің жаңа бағытын қосқан «Қазпошта» АҚ  қалалар мен аудандар арасындағы байланыстың дамуына ықпал етпек. Сондай-ақ, Нұрболат Ақтаевтың айтуынша болашақта ірі электронды сауда платформалары да Қазпошта қызметін қолданады.  

«Жекелеген курьерлік, логистикалық компаниялар, карголар Маңғыстауға тауар жөнелту үшін үлкен жүк көліктерін, өзге вагондарды немесе басқа да жолдарды пайдаланады. Енді үш күндік бағытқа ауысқан соң олар біздің қызметті қолдана бастайды деп ойлаймын.  Мәселен қазіргі күні «Али экспресс»  тауарларды Қазпошта  арқылы жіберіп отыр.  «Озон», «Вайлберис» сауда  платформалары  Ақтау қаласындағы 32 б шағынаудан, 7 ғимаратта өз нүктелерін ашып, «Пиндуодуо» сауда желісі  Казпоштамен бірге серіктес болып жұмыс істегелі жатыр. Мұның барлығы «Қазпошта» үшін үлкен жетістік» ,- деді Нұрболат Амангелдіұлы.

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады