Ұлттық тасымалдаушы тағы үш қосымша пойыз тағайындайды

Жаңалықтар
13.04.2024, 13:57

Ұлттық тасымалдаушы тұрғындарды тасымалдау үшін тағы 3 пойыз тағайындайды. Олар келесі бағыттар бойынша жүреді:

- №211/212 «Орал-Қызылорда» пойызы бір рейске: 13 сәуірде сағат 20:32-де Орал қаласынан жөнелтіліп, 14 сәуірде сағат 22:45-те Қызылордаға келеді;  

- №213/214 «Атырау-Астана-Қарағанды» пойызы бір рейске: 13 сәуірде сағат 19:30-да Атыраудан жөнелтіліп, 15 сәуірде сағат 08:30-да Қарағандыға келеді;  

- №215/216 «Атырау-Алматы» пойызы бір рейске: Атыраудан 14 сәуірде сағат 23:16-да жөнелтіліп, Алматыға 17 сәуірде сағат 03:50-де келеді.

Сондай-ақ, Астана-Атырау-Астана бағытындағы жолаушылар пойыздарына төрт қосымша вагон қосылды.  

№211/212 және №215/216 пойыздарының купе вагондарының құны 13 915 теңге тұрады, ал плацкарт билеттері 9 216 теңге бағасымен қолжетімді. Ал ірі қалалар арқылы өтетін №213/214 «Атырау-Астана-Қарағанды» пойызының бағасы купе үшін 18 114 теңге, ал плацкарт үшін 11 898 теңгені құрайды.  

Қабылданып жатқан шаралар су тасқыны қаупі бар аймақтардан қосымша 2 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Қосымша пойыздар мен вагондарға билеттерді сату 13 сәуірде басталды. Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz сайттан және вокзалдың билет кассаларынан сатып алуға болады.  

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі бойынша алуға болады.

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады