Су тасқыны кезінде 21 мыңға жуық адам ҚТЖ пойыздарымен тасымалданды

Жаңалықтар
15.04.2024, 14:24

ҚТЖ су басқан өңірлер тұрғындарына көмектесуді жалғастыруда. Атырау – Құлсары – Атырау және Құлсары - Маңғыстау бағыттары бойынша 12 мың адам өтеусіз негізде жолаушылар пойыздарымен тасымалданды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тағы 2 мыңнан астам жолаушы Атырау – Маңғыстау, Атырау – Алматы және Атырау - Астана бағыттары бойынша қосымша вагондармен шығарылды. Қосымша пойыздар Орал — Қызылорда, Атырау — Қарағанды, Алматы — Атырау бағыттары бойынша жүреді, бұл 2 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік берді. Су тасқынынан зардап шеккен аудандардан 500 баланы емдеу-сауықтыру орталықтары мен балалар лагерьлеріне тасымалдау ұйымдастырылды.  

 ҚТЖ облыс әкімдіктерімен, қорғаныс және төтенше жағдайлар министрліктерімен тығыз байланыста жұмыс істеуде. ҚТЖ пойыздарымен авариялық-құтқару жұмыстарына қатысу үшін 4 мың құтқарушы, әскери қызметші тасымалданды.

Салдарын жою үшін теміржолшылар ауыр автомобиль техникасын тасымалдауға арналған вагондарды ұсынады. Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларына 400 астам көлік жеткізілді. Су басу орындарына гуманитарлық көмек жеткізу үшін пойыздар құрамындағы вагондар бөлінді. Арнайы техника мен гуманитарлық көмекті тасымалдау-ерекше бақылауда.

ҚТЖ жастары зардап шеккендерге көмек көрсету, гуманитарлық жүк жинау үшін еріктілер қозғалысын құрды.

Су тасқыны жағдайы теміржолшылардың тұрақты бақылауында қалады. ҚТЖ-да жедел штаб жұмыс істейді, оның міндеті штаттан тыс жағдайлардың туындауына мониторинг жүргізу және дереу ден қою.

Теміржолдың барлық күштері мен құралдары жоғары дайындыққа келтірілген. Су тасқынына қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізудің арқасында теміржол инфрақұрылымы зардап шеккен жоқ, пойыздар  қозғалысы кесте бойынша орын алуда. Магистральда 45 шайып кетуге қарсы пойыз құрылды, тәулік бойы кезекшілікте 47 өрт сөндіру пойызы бар.

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады