Теміржолшылар мемлекеттік тілден тест тапсыруда

Жаңалықтар
19.04.2024, 11:26
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Компания қызметкерлері ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-жоспарға сай «Қазтест» жүйесі арқылы диагностикалық тестілеуден өтуде.

Былтыр бұл тесттен тек Астанада ғана 100 адам өтсе, биыл жоспарда бүкіл өңірлерді қамти отырып, жалпы 3000 адамды диагностикалық тестілеу көзделіп отыр. Тесттің былтырғы нәтижесі бойынша ҚТЖ қызметкерлерінің 92 пайызы мемлекеттік тілді В1 және одан жоғары деңгейде білетіні анықталған. Ол кезде Орталық аппараттың, түрлі құрылымдық бөлімшелер мен филиалдар және еншілес ұйымдардың 100 қызметкері сынаққа қатысып, жазбаша түрде 1,5-2 сағат тест тапсырған. Тест сынақтары аудио тапсырма, лексикалық-граматикалық ережелер мен оқудан тұрды. Жалпы барлығы 100 сұрақ келеді. 20-39 балл жинағандар А1 деңгейіне, 40-59 балл жинағандар А2 деңгейіне, 60-74 балл алғандар В1, 75-89 балл алғандар В2 және 90-100 балл жинағандар С1 деңгейіне сәйкес келеді. Сол кезде ҚТЖ-ның 100 адамының 92-сі В1 деңгейін көрсеткен. 17 адам қазақ тілін С1 деңгейінде, 52 адам В2 деңгейінде білген.  

Компанияның мемлекеттік тілді дамыту секторының меңгерушісі Ербол Тоқтағазының айтуынша, биыл бұл тестті Семей, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Жетісу, Қостанай, Атырау өңірлерінің теміржолшылары 8 сәуір мен 30 мамыр аралығында сол облыстардың оқу орындарында тапсырады. Ең бірінші Семейде өтіп, оған 77 теміржолшы қатысқан.  

– Біздің Семей магистральдық желі бөлімшесінен 50 адам қатысты. Олардың көбі біздегі құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен бас инженерлері, орынбасарлары. Қазақы өңірдің азаматтары үшін тест сұрақтары аса қиын дей алмаймын. Нәтижесін алда көреміз. Жалпы мұндай тест сынақтары мемлекеттік тіл саясатын жүргізуде қажет деп санаймын. Өз мекемемізде іс қағаздары да екі тілде жүргізіледі, іс-шаралар мен техникалық сабақтар да солай өтеді, – дейді Семей магистральдық желі бөлімшесі персоналды басқару жөніндегі бастығы Данияр Баймағұлов.  

Келесі кезекте, Жамбыл, Ақтөбе өңірлерінің теміржолшылары мемлекеттік тілді білу деңгейін көрсетті. Қалған облыс мамандары мамыр айының соңына дейін тесттен өтетін болады.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті