Теміржолшылар еңбекті қорғауға қосқан үлестері үшін марапатталды

Жаңалықтар
04.05.2024, 14:21

ҚТЖ-да 2023 жылы өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында өзін көрсеткен қызметкерлерді марапаттау өтті. Құрмет грамоталары мен төсбелгілерді ҚТЖ Бас инженері - Техникалық саясат департаментінің  директоры Рамазан Садырқұлов тапсырды.

Дәрігерге дейінгі уақтылы көрсеткен көмегі үшін “Ерлігі үшін” белгісімен “Жолаушылар тасымалы” АҚ "Батыс" филиалының жолсерігі Ғалия Қабдрахманова марапатталды. Осы жылдың қаңтарында ол пойыз жүру жолында толғатқан жолаушыдан босануды қабылдады. Қауіпті жұмысты тоқтату құқығын қолданғаны үшін Жамбыл вагон пайдалану  депосының тексеруші-жөндеушісі Нұржан Жанкиевке “Кәсібі бойынша үздік” атағы берілді.

Жақын және алыс шет елдерге отбасылық демалысқа арналған жолдамамен Құсмұрын станциясының вагондарды техникалық байқау пунктінің бастығы Владимир Окс көтермеленді. Ол теміржолда 17 жыл жұмыс істейді. 2023 жылы Владимир “KTZ HSE “Өндірістік қауіпсіздік” автоматтандырылған интеграцияланған жүйесінде қауіпсіздік бойынша 100 астам мінез-құлық диалогын ресімдеді, олар уақтылы орындалды. Жүйе арқылы қызметкерлер еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы, қауіпті әрекеттер мен жағдайлар, қауіпті жұмысты тоқтату қажеттілігі туралы хабарлайды.

“Адал еңбегі үшін” белгісімен  Семей ЖТ бөлімшесінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженер-технолог Галина Стягова, “Үздік маман” белгісімен - “Әскерилендірілген теміржол күзеті” ЖШС өндірістік қауіпсіздікті ұйымдастыру секторының бас менеджері Серік Мырзашов марапатталды.

"Құрмет грамотасымен" еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормаларды сақтауда үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлер марапатталды. Олардың ішінде Жаңа-Семей станциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженер-технологы Айжан Ботаханова және Шелек электрмен жабдықтау дистанциясының  еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Алмагүл Байғалиева бар.

"Алғыс хатпен" өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша үздік көрсеткіштері үшін Сексеуіл локомотив пайдалану  депосы өндірістік қауіпсіздік және экология секторының бастығы Байқабыл Кенжеғараевқа, Жіңішке станциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері  Айнұр Әбілберіковаға,  Аягөз жол дистанциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері, рационализатор Дүйсен Сатылғановқа табысталды.

Ықтимал қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша белсенді құралдарды қолданғаны үшін Екібастұз локомотив пайдалану депосының учаске бастығы Қайрат Нәжмиден, Алматы станциясы дефектоскопия цехының шебері Қуаныш Станбеков, Шымкент станциясы жол дистанциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Ғалымжан Полат, Жанғыз-төбе желілік-монтелік  пунктінің электромеханигі Бауыржан Самарханов, "KTZE-Khorgos Gateway" ЖШС техникалық қызмет көрсету департаменті директорының орынбасары Данияр Демеубаев, Жаңа-Есіл станциясының тартқыш қосалқы станциясының аға электромеханигі Карине Сүлейманян, Атбасар станциясы атқыштар командасының бастығы  Олег Лебедев, "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Батыс" филиалы Қызылорда учаскесінің бастығы Алмас Даутбаев, аталған филиалдың өндірістік оқыту нұсқаушысы Асқар Исалин және Ақтау теңіз сауда портының аға стивидоры Қайрат Жұмағалиев марапатталды.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды