Ардагерге автокөлік сыйлады

Жаңалықтар
14.05.2024, 12:17
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Шымкент бөлімшесі мен «Қазкөліккәсіп» ҚБ Шымкент филиалы басшылығы жуырда жүз жасқа толған теміржолдың жалғыз соғыс ардагері Қалмен Мұратұлын Жеңіс күнімен құттықтады.

Бадам елді мекенінде тұратын қарт майдангерді Ордабасы ауданының басшысы да құттықтай келіп, облыс әкімінің мерекелік сый-сияпатын табыс етті, сондай-ақ Қалмен қарияға су жаңа автокөлік сыйға тартты. Темір тұлпар қарияға өңірдегі қалталы азаматтардың сыйлығы екен.  

Майдангер қария өзін мерекемен құттықтап келген азаматтарға көрсетіп жатқан ілтипаты мен қамқорлықтары үшін алғыс айтып, ақ батасын берді.  

Қалмен Мұратұлы 1924 жылы өмірге келген. Соғысқа 1942 жылы 18 жасында аттанған. 1944 жылы Витебск қаласының маңында қолынан ауыр жарақат алып, госпитальге жіберілген. Елге екінші топтағы мүгедек болып оралған ол бірден еңбекке араласып, ұзақ жыл теміржол саласында жұмыс істеп, зейнетке шыққан.  

Түркістан облысында бүгінгі таңда 2 соғыс ардагері мен 7 тыл ардагері және 14 ауған соғысының ардагері тұрады.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты