Қазақстанның iшкi су жолдарында жүк кемелері жүре бастады

Жаңалықтар
16.05.2024, 11:52

Бұл шешім гидрометеорологиялық жағдайға және ел аумағындағы суқоймалардың мұздан толықтай тазартылуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл ретте Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетіне қарасты «Қазақстан су жолдары» РМҚК жүк кемелерінің қозғалысы басталатыны туралы мәлімдеді.

Осылайша, жоғарғы Ертіс су бассейнінде кемелер 1 мамырдан бастап жүре бастаса, Семей филиалында 25 сәуірден бастап, Павлодар филиалында 23 сәуірден, Орал-Каспий су бассейнінде 1 сәуірден, Іле-Балқаш су бассейнінде 1 сәуірден және «Гидротехникалық құрылыстар» филиалында 5 мамырдан бастап қозғалыс басталып кетті.

Өз кезегінде «Қазақстан су жолдары» РМҚК отандық кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізді. Атап айтқанда, 1855 қалқымалы және 771 жағалаудағы навигациялық белгі орнатылды.

Еліміздегі жалпы пайдаланудағы су жолдарының ұзындығы 2104 шақырымды құрайды. Қазақстан бойынша барлығы 795 өзен көлігі және 19 мың шағын көлемді кеме тіркелген.

Айта кетерлігі, су объектілеріндегі навигациялық кезең – бұл гидрологиялық жағдайларды ескере келе, су жолдарының мұздан толық тазартылуы әрі суқоймаларды қозғалыс үшін пайдалануға болатын уақыт аралығы. Су көлігіндегі навигациялық кезең табиғи-климаттық жағдайларға және су жолдарының гидрологиялық режимімен тығыз байланысты.

 

Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?
ҚТЖ келбеті
22.06.2026
Түлкібастық инженердің жобасы миллиондаған қаражатты үнемдеді
Жүк тасымалы / Апта саны / Инфографика
22.06.2026
ҚТЖ желісімен 130 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Инфрақұрылым
22.06.2026
Ақтөбе вокзалы мерзімінен бұрын, тамыз айында пайдалануға берілмек
Әлемде
22.06.2026
ЕҚДБ Өзбекстан темір жолын цифрландыруға 38,4 млн еуро бөледі
Жаңалықтар
21.06.2026
Жолаушылар пойызының машинисі бес жасар баланы басудың алдын алды
Жаңалықтар
20.06.2026
Алатау қаласында жаңа автокөлік көпірі пайдалануға берілді
Жолаушылар тасымалы
20.06.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ билет құнын есептеудің жаңа жүйесін енгізеді