Еліміздегі Stadler жолаушылар вагонының өндірісі қарқын алуда

Жаңалықтар
13.05.2024, 15:50
Қазақстан теміржолшысы

Қазақстанда Stadler жолаушылар вагоны өндірісін локализациялау процесі жалғасуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жолаушылар тасымалы компаниясымен ұсынылған жоспар кестесі шетелдік өндірістің елімізде шоғырланып, жылдам қалыптасуын белгілеп берді.

2022 жылы «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) Stadler компаниясына 537 вагонға тапсырыс берді, соның аясында «Тұлпар» зауыты олардың бақылауына өткен болатын.

Алғашқы жеткізілімдер 2025 жылға жоспарланған, қазір өндіріс орнының шоғырлану деңгейі 9,4%, ол 2029 жылға қарай 35,2% жетуі тиіс.

Stadler әлеуетті жеткізушілер тізіміне Қазақстанның 30-дан астам компаниясын қосты, сонымен қатар француздық Constellium компаниясымен алюминий корпустарын шығару бойынша келіссөздер жүргізуде.

Бұл қадамдар еліміздің жергілікті өндірісті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға деген ұмтылысын көрсетеді.

2022 жылы «Stadler Rail AG» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Петер Шпулердің Қазақстанға іс-сапары барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы мен «Stadler Rail AG» компаниясы арасында отандық вагон жасау зауыты базасында швейцариялық технология бойынша жолаушылар вагондарын жасауға келісім-шарттарға қол қойылды.

Бұл келісімдер 2021 жылғы 29 қарашада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцарияға ресми сапары барысында қол қойылған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Stadler Rail AG» компаниясы арасындағы Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру шеңберінде жасалған болатын.

«Stadler Rail AG» компаниясының жоспарында вагон шығаратын зауытты жаңғырту, қазақстандық алюминийді пайдалану және толық өндіріс циклін құру бар.  

Stadler компаниясы 2030 жылға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ тобына арналған 537 жолаушылар вагондарын жасауды ұйымдастыру үшін зауыттың өндірістік алаңдары мен жабдықтарын жаңғыртуда. Жобаның жалпы құны 2,3 миллиард еуроны құрайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Stadler компаниясы арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде жолаушылар вагондары паркінің техникалық жағдайын айтарлықтай жақсартуға, жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға қол жеткізіледі деп күтілуде.

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты