Өзбекстанның 18 азаматы «Самара-Ташкент» пойызынан түсірілді

Жаңалықтар
22.05.2024, 12:41

«Самара-Ташкент» пойызынан ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстанның 18 азаматы түсірілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 10-20 сәуір аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның 6 күнінің қорытындысы бойынша 32 қылмыс тіркелді, бұрын жасалған 7 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталды.

Сондай-ақ 2134 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін 202, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 28, шетелдіктің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 112 және т.б.

Мәселен, Арыс-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Самара–Ташкент» бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру барысында заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам уақыт ішінде кетуден жалтарған ҚР Көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының 18 азаматын анықтап, поездан түсіріп алды.

Көлік полицейлері құқық бұзушыларға қатысты шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырып, Түркістан облысы Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Оларға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары шығарып жіберу түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады