Қостанай облысының Тобыл станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері “Арқалық-Қостанай” бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде масаң күйдегі әйел жолаушыны анықтап, пойыздан түсіріп алды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мән-жайды анықтау барысында оның 29-жастағы Ресей Федерациясының азаматшасы екендігі белгілі болды. Ол масаң күйінде болып, қоғамдық жерде балағат сөздер айтып, түнгі уақытта жолаушылардың тыныштығын бұзған. Сондай-ақ, жолаушы әйел пойыз жолсерігінің ескертулеріне құлақ аспаған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес әйел кісіден «орташа дәрежелі» алкогольдік масаңдық анықталды.

Көлік полицейлері шетелдік құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 25 АЕК (92 300 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.