ҚТЖ Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтті

Жаңалықтар
11.06.2024, 11:13
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен оның филиалдарында және желілік кәсіпорындарда кең ауқымда аталып өтті. Экология күні шеңберінде «Жер гүлдермен көрікті» акциясы өткізілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясына қарасты Жол және құрылыстар, Автоматика, телемеханика және телекоммуникация, Электрлендіру және энергетика, Материалдық база департаменттерінің бөлмелерінде «Земля улыбается цветами» – «Жер гүлдермен көрікті» акциясына орай аншлагтар ілінді. Кеңседе қолайлы және жайлы атмосфера қалыптастыру, сондай-ақ компьютерлерден, принтерлерден шығатын электромагниттік сәулеленуден қорғау үшін және қызметкерлердің күнделікті жұмысынан бір мезгіл көңілін ауытқыту үшін гүл отырғызу, гүлдердің топырағын ауыстыру, жердің құнарлылығы мен қасиеттерін жақсарту, өсімдіктерді агрессивті тікелей сәулелерден қорғау, өсімдіктерді тыңайтқыштармен қоректендіру іс-шаралары жүргізілді.  

– Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін өткізу туралы арнайы бұйрықтар шығарылды. Теміржол кәсіпорындары қызметкерлерімен қоршаған ортаны қорғау тақырыбына қатысты жиналыстар өткізіліп, осы күннің мақсат-міндеті, маңызы талқыланды. Сонымен қатар аншлагтар ілініп, атмосфераға ластаушы заттар және парниктік газдар шығарындыларын азайту, өндіріс қалдықтарын азайту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ осы атаулы күні барлық құрылымдық бөлімшелерде сенбіліктер өткізіліп, өндірістік және қызметтік ғимараттардың аумағына көшет бұталары отырғызылды. Жауапты қызметкерлермен атмосфералық ауаны қорғауға, атап айтқанда кәсіпорындағы автокөліктен шығатын зиянды шығарындыларды азайтуға, сондай-ақ кәсіпорындағы су ресурстарын ұтымды пайдалануға қатысты кеңес өткізілді. Әрбір кәсіпорында цехтар мен шеберханаларда қоршаған ортаны қорғау жағдайына тексеру жүргізіліп, әрбір жауапты адамға Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне қатысқаны үшін алғыс жарияланды, – дейді Магистральдық желі дирекциясының Еңбек қорғау және қауіпсіздік, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері Айгүл Ерімбетова.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды