ҚТЖ арнайы киім мен ЖҚҚ есебін автоматтандырады

Жаңалықтар
21.06.2024, 10:52
Суретті түсірген Александр Жабчук

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) жоспарлау, есепке алу және бақылаудың автоматтандырылған процесін енгізеді. Есепке алу жөніндегі функционал SAP бағдарламасында іске асырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңашылдық арнайы киімнің пайдаланылуы циклін бақылауға, қызметкерлердің киім өлшемі мен антропометриялық деректерін есепке алуға, арнайы киім мен ЖҚҚ сатып алуды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Автоматтандыру 45 мың қызметкер үшін арнайы киім мен ЖҚҚ сатып алуды жоспарлау процесін едәуір жеңілдетеді, қоймада қайта сұрыптауға немесе жиынтықтың жетпей қалуына жол бермейді. Автоматтандырудың көмегімен арнайы киімді есептен шығару ашық болады және қызметкерлердің киім өлшемі, арнайы киім мен ЖҚҚ қажеттілігі, сатып алу құжаттары және қызметкерлерге арнайы киім беру бойынша бірыңғай дерекқор құрылады.

Автоматтандырылған есепке алу "ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС (ЖТ) Бас инженері Марлен Көкрекбаевтың басшылығымен және ЖТ құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен ҚТЖ - "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы"  филиалының бастамасы бойынша енгізіледі.  

Автоматтандырылған есепке алуды енгізу қағазбастылықты, адами факторды жояды, ресурстарды босатады, соның арқасында қызметкерлердің басқа міндеттерді сапалы орындауға уақыты болады.  

Есепке алу процесінде әр бөлімнің функциялары нақты сипатталған. Осылайша, жыл сайын кадрлық қызметтер қызметкерлердің киім өлшемі  туралы ақпаратты өзектендіреді. Бухгалтер түсу мен есептен шығаруды бақылауды жүргізеді, сатып алушы сатып алуды уақтылы жоспарлайды, қоймашы қабылдауды және есептен шығаруды жүзеге асырады.

“Арнайы киіммен уақтылы қамтамасыз ету сапалы жоспарлауға байланысты. Оны автоматтандырусыз жасау мүмкін емес. Біз процесті автоматтандыруға жауапты департамент ретінде автоматтандырудың барлық мүмкіндіктерін қарастырдық және осы жобаны бастау мүмкіндігі туралы шешім қабылдадық. Бұл жоба бірегей, өйткені онда барлық бөлімшелер бірлесіп жұмыс істеді. Нәтижесінде біз жобаны енгізуден үлкен нәтиже аламыз, және де компанияның әрбір қызметкері уақтылы өзіне тиесілі арнайы киіммен қамтамасыз етіледі", - деп атап өтті "ҚТЖ" ҰК" АҚ Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының басқарушылық есептілік жүйелерін дамыту департаментінің бас менеджері Алмагүл Шуншалина.  

Осыған ұқсас бағдарлама Магистральдық желі дирекциясында енгізілген.  

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады