Қазақстан, Қытай және Ресей контейнерлік тасымалдардың бірыңғай цифрлық платформасын құруға ниетті

Жаңалықтар
26.06.2024, 10:54

Қазақстан, Қытай және Ресей үш елді байланыстыратын маршрутта жүк тасымалын оңтайландыруда маңызды қадам жасауда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2024 жылғы шілденің басына жоспарланған алдағы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі шеңберінде Қытай-Қазақстан-Ресей маршрутында Бірыңғай цифрлық платформа (БЦП) құру туралы келісімге қол қойылады.

БЦП кедендік ресімдеу, электрондық сауда және басқа да функцияларды біріктіретін интеграцияланған жіксіз жүйеге айналады. Бұл логистиканы едәуір жеңілдетуге, электрондық сауданы дамытуға жәрдемдесуге, кедендік рәсімдерді жеңілдетуге, сауда кедергілерін азайтуға, жеткізу тізбектерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

БЦП құру туралы келісімді "KTZ Express" АҚ (Қазақстан), "Славтранс-Сервис" АҚ (Ресей) және Xi'an Free Trade Port (Қытай) құрған «CRK Терминал» ЖШҚ бірлескен кәсіпорны әзірледі.  

Жобаны әзірлеуге және іске асыруға маршрутқа қатысушы мемлекеттердің уәкілетті органдары тартылатын болады.

«CRK Терминал» ЖШҚ бұл бастамаға Alibaba, Pindouoduo, JD және 1688.com.-ды қоса алғанда басқа да ірі маркетплейстерді тартуды жоспарлап отыр  

"БЦП іске қосу логистикалық процесті едәуір жеңілдетеді", - деп атап өтті 'KTZ Express" АҚ Бас директоры Дәмір Қожахметов. -"Бұл жүк тасымалдауды оңтайландыруға ғана емес, сонымен қатар жобаға қатысушы елдерде бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді".

Бірыңғай цифрлық платформа құру – Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы сауда және логистика саласында ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам.

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді