Теміржолшы ғимаратты өрттен сақтап қалды

Жаңалықтар
01.07.2024, 12:20
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Апат айтып келмейді дегендей, тілсіз жау өрт –  кенеттен болатын нәрсе. Доссор станциясына жақын №441-разъезде өрт оқиғасы орын алып, абырой болғанда станция кезекшісінің арқасында ғимарат өрттен аман қалды.

Шағын ғана разъез пойыз көп тоқтайтын не жүк түсірілетін станция емес, өтпелі қызмет атқарады. Бірақ өңірдегі жүк және жолаушылар пойызының дені  нақ осы жол арқылы өтеді. ЭЦ пост орналасқан ғимаратта кешкісін кезекшілік міндетін атқарып отырған Гүлнар Байбосынова кенет түтіннің иісін сезеді. Келесі бөлмеге барса, электр желісі түтіндеп, бөлме іші тұманданып кеткен. Егер өрт болса, онда бүкіл ғимарат, бүкіл ЭЦ посты қызыл жалынға оранып,  жағдай қиын болып кететіні белгілі. Гүлнар қою түтіннің арасымен жүгіріп өтіп алдымен терезелерді ашады.  Келесі кезекте  СОБ электр қуатын, станция батарея аккумляторларын тоқ көзінен ажыратады. Сосын сүймен алып келіп, өртеніп жатқан тоқ желісін тартып үзеді. Яғни, сымның онан әрі жайылып жануына мүмкіндік бермей, өрт қаупінің алдын алып үлгереді. Содан кейін барып демін алып, станция бастығына жағдайды шұғыл хабарлайды.  

Әрине, бүлінген құрылғылар  қалпына келтіріліп, электр желілері жөнделіп, бірер сағатта жылдам іске қосылды, пойыздар қозғалысына кедергі келтірілген жоқ. Теміржолшылар төтенше  жағдайда абдырап қалмай шұғыл әрекет етіп, тіпті жеке басына қауіп төнсе де станцияны өрттен аман алып қалған  Гүлнардың батылдығына риза болды.  Бөлімше басшылығы Гүлнар Байбосынованы   Алғыс хатпен марапаттады.    

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты