Әлемде теміржол көлігі анағұрлым экологиялық таза көлік түрі

Жаңалықтар
02.07.2024, 10:45
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы «ESG қағидаттарын ұстану – табыс жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Алдымен дирекцияның бас инженері Қайырбай Орынбаев сөз алып, биылғы жылы өткізілген экологиялық акциялар туралы мәлімет берді.

– Бүгінгі таңда ESG ғаламдық ауқымда маңызды рөл атқарады. Экология мәселесі, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару жүйесінде ESG компанияның бір бөлігіне айналды. Біздің дирекция компанияның ESG рейтингін дамытуға көп үлес қосуда. Темір жол көлігі нысандарының қоршаған ортаға зиянын азайту үшін Табиғатты қорғау іс шараларының жоспары орындалады, ол 21 іс-шарадан тұрады, одан бөлек қызметкерлеріміз қалдықтарды сұрыптау бойынша жұмыстар жүргізеді, қазіргі таңда 2 521 кг – макулатура, 39 кг – пластик, 3 425 кг – аккумулятор батареялары, 725 кг – өңделген оргтехникасы өткізілді, жұмыстар жалғасуда, – деді ол.  

Мәселен, биыл 26 наурыз бен 26 сәуір аралығында «Су-тіршілік нәрі» айлығы өтіп, 5 маусымда өндірістік департаменттерде «Гүлден жер беті жайнайды» акциясы ұйымдастырылған. Сонымен қатар дирекция филиалдарында «Қалдықтарды қалай тастау жөнінде ереже» тақырыбында челледж іске қосылған.

Оған қоса 2768 түп ағаш пен гүл отырғызылып, жасыл аймақтар құрылған. Одан әрі дирекцияның өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері Сағат Қабиев және Адами ресурстарды басқару департаментінің HR бизнес серіктесі Аида Айсариева және Комплаенс қызметінің комплаенс-бақылаушысы Бекет Ақпан тақырып аясында баяндама жасады.  

– Жалпы әлемде теміржол көлігі анағұрлым экологиялық таза көлік түрі болып саналады. Биыл Еуропа даму және қайта құру банкі климаттық тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша ҚТЖ-ны қолдау мақсатында консультанттар тартуға грант бөлуге шешім қабылдады. Грант бөлу мақсаты – ҚТЖ-ның осы бағыттағы корпоративтік басқару саласын жақсарту, климаттық тәуекелдерге тұрақтылықты арттыру бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеу. 2022 жылы желтоқсан айында ҚТЖ басқармасының шешімімен «2060 жылға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еншілес ұйымдарында төменгі көмірқышқылды дамыту тұжырымдамасы» бекетілді, – деді С. Қабиев.  

Жиын соңында Қ. Орынбаев ESG бойынша символикалық жалаушасын «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдеріне табыстады және баяндама жасаған спикерлерге ESG тақырып аясында ағаштан жасалған естелік сувенирлер сыйға берді.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті