Жеккешелендіру саясаты

Жаңалықтар
16.06.2017, 17:41
Оқуға 3 мин
Кеше «Самұрық-Қазына» қорын жекешелендіру бағдарламасының өркендеуі және оның ел экономикасындағы рөлі» тақырыбында сессия өтіп, оған  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры құрамындағы компаниялар тобы қатарында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті Қанат Алпысбаев қатысып Ұлттық қор бастамашылығымен жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру барысы, ҚТЖ активтеріне стратегиялық инвесторлар тартудың маңыздылығы және оның ел экономикасындағы рөлі туралы баяндады. –Жекешелендіру бойынша Үкіметтің Кешенді жоспарын жүзеге асыру «ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегиясының бөлігі болып табылады. Осы орайда ҚТЖ-ның ірі активтеріне, яғни Компанияның акциялар пакетіне кіретін темір жол машинақұрастыру зауыттарына және логистикалық активтеріне стратегиялық инвесторларды тарту, бұл мұқият сараптама мен аталған активтерді жекешелендірудің оңтайлы нұсқаларын іздеу нәтижесі. Біз бұл жұмысты инвестициялық консультант – E&Y компаниясымен бірлесе жүргіздік, – деді Қанат Алпысбаев. Компания басшысы бұдан кейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның шетелдік серіктестерімен бірге технологияны трансферттеу арқылы 7 жыл ішінде Қазақстан экономикасында жаңа индустрияны, яғни темір жол машинақұрастыру саласын құрып, жоғары технологиялы жылжымалы құрам, вагондар, локомотивтер, рельсарқалық өнімдері мен жинақтаушы өндірісі жолға қойылғанын атап өтті. –Осы жұмысты бастай отырып, біз өзіміздің міндетімізді де шештік, яғни темір жолды заманауи жылымалы құрамдармен және жинақтаушы бөлшек-тетіктермен қамтамасыз етуге кірістік. Біз үшін бұл қызмет профильді емес, бірақ, жоғары инвестициялық кедергілердің барын ескерсек, тек ірі компания ғана жаңа өнеркәсіп саласын құра алатын еді. Осы ретте, ҚТЖ өз қажеттеліктерін қамтамасыз ете отырып, сонымен қатар өзінің машинақұрастыру саласындағы өнімдерін экспортқа шығарумен  айналысты. Бүгінде біздің зауыттардың өнімдері Еуразия құрлығындағы елдер нарығына шығарылуда. Көріп отырғандай, біз ішкі сұранысты ғана қанағаттандырып қоймай, шикізат емес экспорттың жаңа көзін құра алдық. Бүгінгі таңда біз аталған өндірістердің қалыптасуына қатысты өз миссиямызды жүзеге асырдық және ендігі уақытта күшімізді жүк және жолаушылар тасымалы, транзитті дамыту бойынша негізгі қызметімізге жұмылдырмақпыз. Осыған байланысты ҚТЖ-ның машинақұрастыру активтері өндіріс технологиясының иелері болып табылатын стратегиялық серіктестерімізге адрестік сатылым арқылы жекешелендіруге шығарылды.  Бұл қазақстандық зауыттардың жаһандық стратегияда және өндірістік тізбектерде жаңағы әлемдік компаниялармен, GE, Alstom, Talgo-мен бірігуін қамтамасыз етіп, қазақстандық зауыттар өнімдерінің экспортын дамытуға жаңа серпін бермек, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ жетекшісі. Еске сала кетсек, өткен жылдың соңында «Локомотив құрастыру зауытының» 50 пайыз акция пакеті «Дженерал Электрик» компаниясына сатылған болатын. Компания басшысы қол қойылған келісімшартта, келісім бағасы баланстық құнынан 1,6 есеге жоғары болғанын атап өтті. Сонымен қатар ол қазір ҚТЖ  иелегіндегі заманауи электровоздар мен жолаушылар вагондарын шығарып жатқан қазақстандық зауыттардың акция пакеттерін сатуға қатысты Альстом және Тальго компанияларымен келіссөздер жүргізіп жатқанынан  және де бұл аталған стратегиялық серіктестер Ұлттық компанияның бұрыннан келе жатқан серіктестері екенін, олармен орнаған ынтымақтастықтың арқасында қысқа уақыт ішінде темір машинасын құрастыратын жоғары технологиялы сала құрылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар Қанат Алпысбаев Ұлттық компанияның көліктік-логистикалық активтердегі үлесін сатуға қатысты үстіміздегі жылдың мамыр айында әлемнің ірі теңіз операторы және логистикалық қызметтердің провайдері болып табылатын «COSCO Shipping», Қытайдың ірі порты Ляньюньган портымен, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА бірлесе дамыту туралы инвестициялық келісімге қол қойылғанын айтты.   –Бұл «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасының тоғысуындағы маңызды элемент. Қытай инвесторларын тарту трансқазақстандық бағдарларға жаңа жүк ағынын тартуды қамтамасыз етіп, Қазақстанның Жаңа Жібек жолы бойында іскер және логистикалық хаб болып қалыптасуына үлкен үлес қосады, – деп  түйіндеді сөзін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды