Инфрақұрылымды дамыту – логистика алғышарты 

Жаңалықтар
16.06.2017, 17:50
Астана экономикалық форумы аясында өткен «New Silk Way» IV халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумының  екінші сессиясы «Көлік инфрақұрылымын дамыту: Алға озу ойыны» тақырыбында өтті. Бұл сессияның спикерлері қатарында «РЖД» АҚ вице-президенті Андрей Старков, «BCG» компаниясының әріптесі және басқарушы директоры Сергей Перапечка, «ҚТЖ» ҰК»АҚ вице-президенті Санжар Елбаев, Дүниежүзілік банктің Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңіріндегі көлік бойынша басшысы Биньям Реджа, «Ляньюньган порт КТ» президенті  Чжу Сяньян, Румыния Көлік министрлігінің мемлекеттік хатшысы Мария Григоре сөз алып, аға серіктес және басқарушы директоры, Ресей мен ТМД елдеріндегі «BCG» компаниясының басшысы Андрей Тимофеев модераторлық етті. «Дүниежүзілік банктің деректеріне көз жүгіртсек, егер көлік инфрақұрылымына салатын инвестицияны бір пайызға арттырсақ, экономика өсімі 1,5 пайызға артатынын көреміз. Ал дағдарыс уақытында инвестицияласақ, онда екі үш жылдан кейін жалпы ішкі өнімнің 3 пайызға өсімін күтуге болады. Статистика өте елеулі мультипликативті әсер бар екенін көрсетіп отыр» деп көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты өз ойын білдірді модератор Андрей Тимофеев. Ал спикер Сергей Перапечка  Қазақстандағы көлік инфрақұрылымы жағдайына қатысты өз ойын: «Қазақстанда инвестиция салуда «Нұрлы жол» бағдарламасында қаралған жобаларға басымдық берілген. Жаңа рейс, жаңа бағдарларды  дамытуда қолданыстағы инфрақұрылым аздық етеді. Егер Қазақстандағы темір жол инфрақұрылымын жаңарту, жетілдіру мәселесіне келсек, мұнда едәуір ілгерушіліктің барын көреміз, ал автожол инфрақұрылымын дамыту жағы мүшкілдеу. Әрине, бар мәселе қаражатқа  келіп тіреледі», деп білдіреді. Бұл сессияда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның логистика жөніндегі вице-прециденті Санжар Елюбаев Қазақстанның көліктік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша сөз қозғады. Оның айтуынша, соңғы он жылда көлік инфрақұрылымын, көліктік-логистикалық активтерді және қызметтерді дамытуға шамамен 26 млрд доллар көлемінде ақша жұмсалған. Бұл транзиттік тасымал көлемін артыру және көрсетілетін логистикалық қызметтер сапасын жақсарту бойынша  алға қойылған стратетигиялық мақсаттарға қол жеткізудің негізін қалаған. Бірақ, ҚТЖ активтерді жаңғыртып әрмен қарай дамытуда осымен шектеліп қалмақ емес, яғни 2020 жылға дейін осы бағыттағы шаруаларға 6 млрд доллар көлемінде қаржы салуды жоспарлап отыр. Әсіресе, темір жол инфрақұрылымын дамыту «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының өзегі болып табылады. Оның жемісті нәтижелері де бар. Мәселен, 2500 жаңа темір жол желісін салу нәтижесінде, Қазақстанда Қытай – Еуропа, Солтүстік-Оңтүстік және Транскаспий бағдары бағытында ішкі және халықаралық тасымалды оңтайландыратын темір жолдар кескіні қалыптасты. Ал қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының құрылып, кешенді дамуы аймақтық көліктік-логистикалық хабтың негізін қалауда. 2016 жылы «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да салынған заманауи «құрғақ порттың» құрылыстың маңызды элементі болатын. «Құрғақ порт «бір терезе» принципі бойынша көліктік-логистикалық қызметтердің  толық тізімін көрсетеді. Оның ішінде, кедендік және брокерлік қызметтер, инфрақұрылым қызметтері бар. Коммерциялық пайдалануға берілген мерзім ішінде құрғақ порт арқылы 164 мың ДФЭ тиелді. 2020 жылға қарай болжам бойынша тиелетін жүктің жалпы көлемі  4,4 млн тоннаны құрайды деп күтілуде» деді Санжар Елюбаев. Ал Дүниежүзілік банктің Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңіріндегі көлік бойынша басшысы Биньям Реджа Қазақстанның логистикалық орталық болуға мол мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Ол үшін Қытайдың логистикалық әлеуетін қарау керек екенін, оның экспортты ынталандыру үшін жақсы порттары бар екенін, тек барлық порт Шанхай ауданында орналасқанын, сондықтан су көлігімен тасымалданатын жүктің бір бөлігін құрғақ жол көлігіне алмастыра отырып, Азияның орталық хабы болуға мүмкіндігі бар екенін жеткізді. «Орталық Азияда инфрақұрылымы әлсіз, логистикалық әлеуеті төмен елдер бар. Сол үшін бізге логистиканың индексі мен көрсеткіштерін жақсарту керек. Логистика, кедендік процедура, терминалдар, мұның бәрі сауданың дамуына ықпал етуі тиіс. Мен ертеректе заңдық-құқықты жүйені жетілдіру туралы айтқан едім. Осы мәселенің кемшін тұстарын қарастыру керек»  деп өз ойын білдірді Биньям Реджа. Ал «Ляньюньган порт КТ» президенті  Чжу Сяньян Қазақстан Еуразия құрлығында сауда қатынасын жүзеге асыруда маңызды тірек екенін атап өтті. «Қытай Қазақстанмен тығыз байланыс орнату арқылы Жіңбек жолының жаңа кезеңіне қадам басуды көздеп отыр. Сондықтан тауарларды тез жеткізуге Қытай да мүдделі. Жүк тасымалының жылдамдығын арттыру біз үшін де маңызды. Әсіресе, ескітен есікке дейін принципін ұстануға ықыластымыз. Жүк тасымалы жылдамдығын арттыру үшін деректерді цифрландыру жағына көп көңіл бөлу керектігін айтар едім. Меніңше, жалпы жүк құжаты интеграциялануы тиіс.  Ляньюньган портында контейнермен жүктерді жіберумен қатар біз деректерді цифрландыру артықшылығын пайдаланып келеміз. Қорғастағы құрғақ портының 49 пайыз акциясын сатып алдық. Қазір онда тиелетін жүк деректерінің цифрлануына да назар бөліп отырмыз», деді қытай өкілі. Бизнес форум қатысушылары әлемдік, еуропалық, азия нарығындағы жайлардың трансқұрлықтық бағдарлардағы тасымалды дамытуға әсері, мультимодальдық тасымалдаудың тиімділігін көтеру, халықаралық дәліздерді дамытудағы мемлекеттің ролі, аймақтық көлік логистикалық инфрақұрылымды дамытудағы инновациялық шешімдер туралы толғаныстарын ортаға салды.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды