28 мыңнан астам азамат белгіленбеген жерлерден темір жолдарды кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жаңалықтар
13.08.2024, 15:22
Фото: polisia.kz

Осы жылдың басынан бері Көліктегі полиция департаментімен белгіленбеген жерлерден темір жолдарды кесіп өткені үшін 28 589 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыздардың шұғыл тежеу фактілері жалғасуда, жыл басынан бері 1268 дерек тіркелді, оның ішінде адамдардың болуына байланысты – 205, жануарлардың болуына байланысты – 956 және т. б.

55 азамат пойыз астына түсіп, олардың жартысынан көбі қайтыс болды. Бұл туралы Департамент бастығы Бақытжан Малыбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, демалыс күндері Жетісу облысы «Қарабұлақ-Талдықорған» аралығында жүк пойызы белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

«Өкінішке орай, қайғылы оқиғалардың көпшілігі темір жолда жүріп-тұру ережелерін сақтамау салдарынан болады. Әлі күнге дейін адамдар теміржолдың қаншалықты қауіпті аймақ екендігін, оның зардаптарын жете түсінбейді», - деді полиция полковнигі.

Сондай-ақ, ол көлік полицейлері профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде азаматтарға теміржолда болған кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау туралы түсіндіретінін атап өтті.

Көлік полициясы азаматтарға теміржолда мұқият болу керектігін ескертеді. Жаяу жүргіншілердің төсем арқылы өтпес бұрын темір жолда пойыздың, локомотивтің немесе вагондардың жоқтығына әбден көз жеткізгендері жөн. Тіпті, пойыздың сигналын есту үшін құлаққап пен капюшонды шешіп өту өте маңызды.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады