Өткен күннен бір белгі

Жаңалықтар
15.08.2024, 17:18
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Егер темірге тіл бітер болса, Маңғыстау жол дистанциясының алдында тұғырда тұрған «АГМ» маркалы дрезина өткен күндерден қызықты естеліктер айтып, қаншама сыр шертер еді...

Елу-алпыс жыл бұрын бұл дрезина түбектің жолшылары үшін басты көлік құралы болыпты. Өңір теміржолына келген ілкі техниканың бірі болып, жол шаруашылығын ширатуға өлшеусіз «еңбегі сіңген». Ардагерлеріміздің айтуынша, дрезинаның қарапайым ғана түрі болса да сол кезде ең қажетті көлік ретінде бүкіл дистанцияның қажетін өтепті. Жаңадан қалыптасып жатқан теміржолда көлік деген мүлде болмаған тұста Маңғыстаудың бархан құмды даласымен талай жүйткіген дрезина «қос иығымен» көп жүкті көтеріп, құрылыс материалдары мен рельс-шпалдарды артып алып, жұмысшыларды да тасымалдаған.  

– Бұл «АГМ» дейтін, біздің өңірге келген ең бірінші дрезина. Онымен алғаш рет 1964 жылы теміржол жұмысшылары тасымалданған. Бейнеуден бастап Сай-Өтес, Шетпе, Маңғыстауға дейін, одан Өзенге қарай тартылған теміржолды қабылдағанда басшылар дәл осы дрезинамен жүрген. Уақыты келіп, қолданыс мерзімі біткесін ескірген техниканы жай ғана металлоломға өткізуге қимадық. Өткен күннің естелігі болсын, болашақ буын көрсін-білсін деп ПЧ-13 мекемеcінің алдына ескерткіш қылып орнаттық. Кем-кетігін жөндеп, 1988 жылы салтанатты түрде тұғырға қойдық. Бұл рәсімге сол кездегі Батыс Қазақстан теміржолы бастығының орынбасары Борис Есенаманов келіп қатысқан еді. Көнекөз жәдігер содан бері көзімізге жылыұшырап, жолшылар мекемесінің алдында тұр, – дейді сол жылдары Маңғыстау жол дистанциясын басқарған ардагер теміржолшы Қожахмет Уәзір.  

Айтуынша, кезінде осы дрезина жол шаруашылығына пайдалануға өте ыңғайлы көлік болған. Оны ең бірінші тізгіндеген Қуандық Тұрғазиев қазір о дүниелік. Бұрын таңсық болған көлікті басқару жергілікті қазақтарға мәртебе болыпты. Бұл дрезинаның бастапқы қарапайым түрі болғасын кейбір жұмыстары автоматты емес, қолмен атқарылыпты. Үстіне 30-40 шпалдан, екі жағына оншақты рельстен тиеліп, жолшыларға көп көмегі болған. Рельсті өзі көтеріп, түсіретін болғандықтан сол замандағы теміржол шаруашылығына таптырмайтын көлік болған. Қарлы, жаңбырлы күндері жұмысшылар да осы дрезинамен қатынаған.

– Маңғыстау жол дистанциясымен құрдас бұл дрезинаның мекемеміздің алдында тұрғанына да қырық жылға таяпты. 1986 жылы №10 бекетте еңбек жолымды бастағанда қолданыста болатын. Дистанция ашылған жылы берілген бірінші көлікті мен көргенде Р-43 рельсін тасып, жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстарына пайдаланылатын. Техникалық сипаттамасына келсек, маторы ЗИЛ-дікі. Краны бар, бірақ автоматты болмағандықтан арқанмен тартып бұратын. Рельсті көтергеннен кейін стрелканы қолмен бұрып, арқанмен тартып, қосымша біраз жұмыстар атқарылатын. Дегенмен, өз заманында баға жетпес көлік құралы болды, сондықтан бұл ескерткіш біз үшін өте қымбат, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының қазіргі басшысы Бекберген Құрбанов.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға