Таразда ардагерлер ұйымы бас қосты

Жаңалықтар
27.08.2024, 10:18
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалының мәжіліс залында Тараз қалалық ардагерлер кеңесі мүшелері және бастауыш ардагерлер ұйымдары мен тұрақты комиссия төрағалары қатысқан семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңестің мақсаты – бастауыш ардагерлер ұйымы қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттерін түсіндіру. Бұл туралы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова өз сөзінде айтып өтті. Сондай-ақ ардагерлер қоғамдастығының саяси-қоғамдық өмірдегі рөліне тоқталды.  

Айта кету керек, қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша 48 мың зейнеткер есепте тұр. Олар 319 бастауыш ұйымға топтастырылған.  

Семинарда сөз алған теміржол бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Бауыржан Найманбаев Жамбыл филиалында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Теміржол көлік және коммуникация колледжі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы К.Керменбаева болашақ мамандарды даярлау ісінде ардагер теміржолшылардың ролі туралы сөз етті.  

Жиында бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағаларына алдағы есеп беру-сайлау жиналыстарын өткізуге бағытталған үлгі-нұсқа, іс-қағаздар папкасы таратылды.  

Семинар-кеңес соңында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова теміржол саласының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан бір топ еңбек ардагерлеріне Алғыс хат табыс етті.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады