Отбасы тәрбиесі ұлықталды

Жаңалықтар
02.09.2024, 15:08
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалының ұлттық мұраларды ұлықтауға арналған іс-шаралар легі мәреге жетіп, өткен аптада «Абай мұраларындағы отбасы тәрбиесі» тақырыбындағы мәдени кешпен қорытындыланды.  

Осыған дейін бес ай бойы филиалдың әр департаменті аптаның сәрсенбі күні ұлттық киімде келіп, салт дәстүрге сай түрлі тақырыпта челлендж өткізді. Аппарат басшысының «Қазақша сөйлесейік» бастамасын қолдап, бұл күні қызметкерлер тек мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасады. Ұлы ақынның туған күніне орай бір ай бойы «Абай оқуларын» өткізді.  

Қорытынды жиын тақырыбы Абай мұраларындағы отбасы тәрбиесі болды. Отбасы құндылығы, аға буынды өскелең ұрпақпен байланыстырудағы отбасы ролі талқыға түсті. Жиында сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Мемлекеттік тілді дамыту секторының бастығы Ербол Тоқтағазы отбасының бала тәрбиесіндегі, баланың ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсірудегі, ана тілін құрметтеудегі рөліне ерекше тоқталып, қазір технология қарқынды дамып жатқан мына заманда көп адамның бала тәрбиесімен ісі болмай, балаларды әлеуметтік желілер, теледидар немесе ютуб каналдары тәрбиелеп жатқанын, сол себепті ұрпағымыздың рухани дамуы құлдырап жатқанын қынжыла жеткізді. Әсіресе қазақ балаларының аузынан ана сүті кетпей жатып, ана тілінде емес, жат тілде сөйлеп, ал туған тілінде сөйлеуге келгенде тілі байланып, күмілжіп қалатыны расында ел болашағына төніп тұрған қауіп екенін көпшіліктің ойлана бермейтініне алаңдайтынын да жасырмады. Ал  «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалы бастығының м.а. Наталья Курьянова отбасы тәрбиесінің адамның қалыптасып, дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтті.  

Іс-шараның мәртебелі мейманы филология ғылымының кандидаты, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Абай академиясы» ҒЗИ гуманитарлық ғылымдарды зерттеу бөлімінің басшысы Алтынай Асқарова Абай мұраларына тоқталып, ақынның қара сөздеріндегі отбасы хақында айтқан толғамын келтіріп, ұлы ойшылдың өскен ортасы, Зере, Ұлжан аналарымыздың, ұлы ақынның бәйбішесі Ділдәнің ықпалы жайлы әсерлі әңгіме айтты.  

Еркін форматта өткен жиында осынау іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы болған «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалы кәсіподақ ұйымының төрайымы Күләш Даниярова «Мақалды тап» интерактивті ойынын ұйымдастырып,  зерек ойымен топ жарып, мақалды тез тапқан қатысушыларға сыйлыққа сувенир-кітапшалар тарту етті. Сонымен қатар осы кеште жұмыспен қатар отбасы құндылығын сақтап, шаңырағының ұйытқысы болып отырған бес балалы аналар – филиал қызметкерлері Айнұр Хасенова, Алмагүл Бисимбаева, Әсел Расилханға әдемі гүл шоқтары тарту етіліп,  құнды кітаптар сыйға берілді. Алмагүл Бисимбаеваның қызы Әзиза Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқаса, Айнұр Хасенованың қызы Інжу «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар челленджге қатысқан департаментер ресми түрде марапатталып, мәдени кеш көпшілікке рухани әсер сыйлады.    

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты