Астанада Translogistica Kazakhstan-2024 көрмесі өтеді

Жаңалықтар
05.09.2024, 09:31
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Келесі аптада Астанада дәстүрлі халықаралық «Көлік және логистика» – Translogistica Kazakhstan-2024 көрмесі өтеді.  9-11 қазан аралығында өтуі жоспарланған Орталық Азиядағы аса маңызды іс-шараға 16 елден 200 аса компания қатысады деп күтілуде.    

1996 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан Translogistica Kazakhstan көрмесі  көлік, логистика, машина жасау және аралас салаларда жұмыс істейтін мамандар үшін маңызды ақпараттық алаңға айналуда. Өйткені Translogistica Kazakhstan көрмесі мамандарға экспедиторлық компаниялармен және жеке жүк көлігі паркінің, контейнерлердің, вагондардың, теңіз және әуе кемелерінің, терминалдардың, қоймалардың және порт инфрақұрылымының иелерімен тікелей байланыс арқылы кез келген коммерциялық жүктерді жеткізуді оңтайландыруға, сондай-ақ көлік-логистикалық тізбекті құру үшін сенімді серіктестер табуға және тиімді шарттармен ынтымақтастық туралы уағдаласуға мүмкіндік береді. Жыл сайын Translogistica Kazakhstan көліктік-экспедиторлық қызмет көрсетуден бастап жүктерді сақтауға және өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтарға дейінгі салалық шешімдердің толық кешенін көрсетеді.

Қазіргі уақытта Translogistica Kazakhstan-2024 көрмесіне қатысатындарын әлемнің 16 елінен 200-ден астам компания растап отыр. Олар – Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Грузия, Қазақстан, Қытай, Литва, Латвия, БАӘ, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Швейцария және Эстония. Көрмеде Литва, Латвия және Эстония өздерінің ұлттық стендтерін көрсетеді деп жоспарланған.    

Көрмемен қатар салалық сарапшылардың, көлік ведомстволары басшыларының, логистикалық компаниялар мен қойма кешендерінің топ менеджерлерінің қатысуымен ауқымды іскерлік бағдарлама ұйымдастырылады. Көліктік машина жасау, қойма логистикасы, IT шешімдер, габаритті емес жүктерді тасымалдауды қоса алғанда, көлік саласын дамытудың өзекті мәселелері бойынша конференциялар мен дөңгелек үстелдер өтеді. Мәселен, «Қазақстандағы теміржол көлігі мен инфрақұрылымын дамыту» тақырыбындағы конференцияға оператор компаниялардың отандық және шетелдік менеджерлері, теміржол қызметтері нарығындағы тасымалдаушылар, теміржол жолаушылар және жүк көлігін, локомотивтер мен құрамдас бөлшектерді өндірушілер қатысып, бағдарлама халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, отандық теміржол машина жасауды дамытуға, көлік логистикасындағы цифрлық технологиялар мен кадрларды даярлауға бағытталады. Сондай-ақ көлік нысандары мен инфрақұрылымын салу және жаңғырту мәселелері талқыланады. Ал бірінші рет өткелі отырған  «Көлік және логистикадағы ІТ шешімдері» конференциясы алаңында жүк тасымалдау саласын автоматтандыруға арналған отандық цифрлық платформалардың жаңа мүмкіндіктері, кедендік ресімдеудегі заманауи ақпараттық технологиялар талқыланады. Ірі әзірлеушілер логистика және көлік саласындағы цифрлық жүйелерді енгізу тәжірибесімен бөліседі.

Конференцияға қатысушылардың қатарында мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтар, көліктік, логистикалық және экспедиторлық компаниялардың басшылығы, IT өнімдері мен шешімдерін әзірлеушілер мен жеткізушілер, сондай-ақ сақтандыру, консалтинг және кедендік қызметтер саласында қызмет көрсететін компаниялардың өкілдері бар. Қазақстандық көлік апталығының қорытындысы бойынша саланың негізгі сарапшыларымен Expert Talks өтеді.

Көрмеге көлік, логистика бөлімдерінің басшылары мен мамандары және басқа да кәсіпорындардың мүдделі қызметкерлері, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар шақырылмақ. Көрмені Қазақстандық Iteca және Atakent-Expo көрме компаниялары ұйымдастырып, іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағы, Қазақстан тасымалдаушылары және вагондар (контейнерлер) операторларының қауымдастығы, Ұлттық Экспедиторлар Қауымдастығы ресми қолдау көрсетпек.

 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда