Министр Марат Қарабаев іссапар аясында Қостанай облысына келді. Алдымен теміржол вокзалына аялдады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
1974 жылы бой көтерген нысанға соңғы рет 2015 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Тәулігіне орташа есеппен 2170 жолаушыға 18 маршрут бойынша қызмет көрсетеді. Ведомства басшысы вокзал жұмысымен танысып, алдағы жоспарларын талқылады.

Жиын барысында «Алматы-Қостанай» бағытындағы пойыз вагондарының ескіріп, сын көтермей тұрғаны көтерілді. Кезең кезеңімен жаңартулар жүріп жатыр. Аталған бағытта жыл соңына дейін 10 жаңа вагон қатарға қосылады деп күтілуде.
Кездесу мен жеке қабылдауда түскен барлық өтініштерді министр өз бақылауына алып, жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар берді.
