Әлемдік рекордты жаңартқандар

Жаңалықтар
17.09.2024, 11:21
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Төрткүл әлемді дүбірлеткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны да мәресіне жетті. Қазақстанның астанасына ағылған шетелдік қонақтар ат жарыс, жамбы ату, көкпар сынды ұлттық ойындарды тамашалаумен қатар, көшпенділер өркениетінің мұрагері қазақ ұлтының қолөнерімен танысты.

Көшпенділер ойыны аясында өткен көрмеде қазақтың ұлттық құндылықтарын әлемге паш етуге атсалысып, рекорд жаңартқан «Аламан құрақ» жобасы болды. Еліміздің 19 аймағынан жиналған 450 ісмер жалпы көлемі 11 200 шаршы метрлік көздің жауын алатын көрпені құрап, көрген жанның бәрін таң қалдырды. Ісмер құрақшылар арасында маңғыстаулық теміржолшы әйел де бар. Он бес жылдан бері Жетібай станциясында жүк және багаж қабылдап-тапсырушы болып жұмыс істейтін Күнсұлу Медетбаева көшпенділер ойындары аясында республикалық «Аламан құрақ» жобасына қатысуға шақырту алған. Он саусағынан өнері тамған Күнсұлу апамыздың бір басына жететін бірнеше «мамандығы» бар. Теміржол саласының маманы қоғамдық өмірде табысты кәсіпкер, жұртқа өнегелі ұстаз. «Асыл мұра» оқу орталығын ашып, еліміздің түкпір-түкпірінен қолөнер шеберлерін даярлап келеді. Өмірлік серігі Маңғыстау жол дистанциясында жол монтері Зорбай Қанкөшековпен екеуі төрт бала өсіріп, екі келін түсірген, әулетіне сыйлы ана. Үлкен отбасында қазақи салтдәстүрді жаңғыртып, немерелерін де жастайынан өнерге баулып жүрген Күнсұлу апаның есімі батыс өңіріне танымал.  

– Құрақ құрап, көрпе тігу – бала күнгі хоббиім болатын. Бұл кәсіппен шындап айналыса бастағаныма 39 жылға қарапты. Біраз жылдан бері білгенімді бөлісіп, шәкірт тәрбиелеуді қолға алдым. Соңғы 14 жылдан бері ұлттық қолөнер бұйымдарын тігуден сабақ беріп, ұстаздық етемін. «Асыл мұра» оқу орталығын ашқалы мыңдаған қыз-келіншекті қөлөнерге баулыдым. Оларға ұлттық мұрамыз – қолөнер бұйымдарын дайындауды онлайн және офлайн форматта үйретіп келемін. Өзім Қолөнер «URSHIK» республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстаудағы филиалының директоры ретінде осы саланы жүрген жерімізде дәріптеп жүремін. Құрақшылар қауымдастығы ұйымдастыратын «Аламан құрақ» жобасына өткен жылы маңғыстаулық көлөнершілерді бастап барып, Қазақстан рекордтар кітабына кірген едік. Биыл Маңғыстаудан 26 шебер бір мезетте 450 көрпенің тігілуіне қатыстық. Еліміздің 19 аймағынан 450 адам болып жалпы көлемі 11 200 шаршы метрлік көрпені құрап бітіру оңай шаруа емес. Оны тігу барысында «Гауһартас», «Аламан», «Сынық мүйіз» құрақ техникалары және төртқұлақ, қошқармүйіз, өсімдік оюлары қолданылды. Бұл рекорд «КИНЭС» Қазақстан рекордтар кітабына сегізінші қыркүйек күні тіркелді. Ол сертификатымызды қолымызға алдық. Ал әлемдік рекордты жаңартқан сертификатымыз екі айдан соң дайын болатын көрінеді, – дейді Күнсұлу Бектұрғанқызы.  

Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады
Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады
Аймақтар
29.05.2026
Теміржол энергетиктерінің қажырлы еңбегі
Аймақтар
29.05.2026
Ревизорлар неге алаңдайды?
Қауіпсіздік
29.05.2026
Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді
Аймақтар
29.05.2026
Сыр өңіріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен семинар-кеңес өтті