Транскаспий бағыты: Қазақстан мен Грузия арасында жүктерді ауыстырып тиеу биыл 2,9 млн тоннаға жетті

Жаңалықтар
20.09.2024, 10:21

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келген Грузияның бірінші вице-премьері – экономика және орнықты даму министрі Леван Давиташвилимен кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметте, тараптар транзиттік-көлік секторындағы перспективаларға назар аударғаны айтылады. Екі елдің аумағы арқылы Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға апаратын ең қысқа жолдар – ірі трансконтиненттік көлік дәліздері өтеді.

«Қазақстан мен Грузия – Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында белсенді ынтымақтастықта. Аталған бағыт бойынша жүктерді ауыстырып тиеу өткен жылы 65%-ға, биылғы 8 айда 69%-ға өсіп, 2,9 млн тоннаға жетті. Мемлекет басшысы Орта дәлізді дамытуға үлкен көңіл бөліп отыр, біз бұл бағыт бойынша тасымал көлемін 10 млн тоннаға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Ол үшін Үкімет транзит жағдайын жақсарту бойынша дәйекті шаралар қабылдауда», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

ҚР Премьер-Министрі бәсекеге қабілетті тарифтік шарттарды белгілеу, жеткізу мерзімдерін қысқарту және ТХКБ бойынша, оның ішінде Баку – Тбилиси – Карс желісі арқылы тасымалдау көлемін ұлғайту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастырудың маңызды екенін баса айтты. Сонымен қатар көлік дәлізін белсенді түрде цифрландыру қажеттігі анықталды, бұл аталған бағыттың халықаралық тасымалдаушылар үшін тартымдылығын арттырады.

 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда