Жауапты жұмыста – жанашыр жандар

Жаңалықтар
30.06.2017, 14:51
Оқуға 2 мин
Бағдаршамның уақытылы жануы, бағыттағыш бұрмалардың кестеге сай ашылып-жабылуы, пойыздардың жүруі мен тоқтауы үшін қызмет ететін сызбаларды реттейтін релелік блоктар жүрек соғысы немесе сағат сынды ақаусыз жұмыс істеуі тиіс.  Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының Бақылап, өлшеу қосынындағы (КИП) жөндеу технологиялық цех бөлімінде аталған құрылғылар күтімін жасап, жөндейтін негізінен әйелдер. Бір ауысымда он беске жуық қыз-келіншек отырып күн сайын 50-60 релелік блок құрылғысының ақауын қалпына келтіреді. Байланыс дистанциясының «миы» саналатын КИП орталығындағы нәзік жанды механиктердің  алды 40 жылға жуық еңбек етіп зейнетке шықса, кейін келгендерінің 10-15 жылдық тәжірибесі бар.   Аталған цехта Арыс – Сарыағаш, Арыс – Түркістан арасы мен Арыс станциясы бойынша бұзылған барлық релелік блоктар сауықтырылады.  Яғни,  күйіп кеткені анықталған соң, оны мұқият ашып көріп, қалпына келтіру керек.  Механик әйелдер өздеріне бекітілген блоктарды жөндеген соң, екі рет тексереді, ал  үшінші рет аға электр-механиктің сүзгісінен өтеді. Ол құрылғының  толық жөнделгеніне көзі жеткен соң, пломбасын салып, этикеткасына қолын қояды. Солай «емделген» құрылғы қауіпсіздікті сақтауға сақадай сай  өндіріске жол тартады. Цех мамандарының айтуынша, қазір жөндеп отырған релелік құрылғының дені ескіргендіктен, қажетті бөлшектер келмейді. Көпшілігі 1971-1972, тіпті 1969 жылдары шығарылған.  Мерзім бойынша 30 жыл қолданысты болу керек болса да, бүгін 50 жылға дейін жуық қауіпсіздікке қызмет етуде. Арасында істен шыққан құрылғының өзін пайдаға жаратып,  ішіндегі бөлшектерін алып, бір-біріне салып біріктіреді екен. Көнелерінің артықшылығы сол, оған 220 кВ тоқ берілетіндіктен  әйелдер ішін жанар-жағармаймен  тазалайды.  Болашақта барлығы түйіспесіз релелік блоктарға яғни, бес жылда бір рет жаңартуды талап ететін МПЦ жүйесіне ауысуы мүмкін.  Әзірге жыл сайын 24 механик пен 2 монтер екі мыңға жуық релелік блокты қалпына келтіріп тұрады. 

Бекәли АЛТЫН,  Шымкент

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты