Бейнеттің зейнеті бар
Жаңалықтар
30.06.2017, 14:59
«Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері Тәңірберген Нашаров темір жолда табан аудармай қырық жыл бойы еңбек етті. Осы күнгі биігіне еңбегімен жетті.
Сегізінші сыныпта оқығанында ата-анасынан айырылды. Сол кезде балалар интернатына кете жаздады. Қазақ ежелден жетімін жылатпаған ел емес пе, апасы Рахиля: «Сен өзі де сарысың, интернатқа барғанда, тіпті сары орыс боп кетесің. Ауылда менің қолымда қалып, осындағы бала-шағаның ортасында боласың. Ешқайда жібермеймін» дейді. Оқуын аяқтап, осы апасының қолынан әскерге аттанады. Отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін «Целинсельмаш» зауытына жұмысқа орналасады. Алайда ауылдан апасының денсаулығы нашарлап қалды деген хабарды ести салып, бәрін тастап, кері қайтады. Бір-екі жыл апасына қарайласады. Ауылдың мәдениет үйінің меңгерушісі болып қызмет етеді. Апасының дәм-тұзы таусылған соң арулап жер қойнына тапсырады.
Қалаға қайтып келген соң әрі қарайғы өміріне сол уақыттың өзінде «Құрметті теміржолшы» белгісі кеудесінде жарқырап жүрген нағашысы Тайыр үлкен ықпалын тигізеді. Жиеніне: «Әй, бала, тепсе, темір үзетін жігітсің. Тілімді алсаң, темір жолға жұмысқа кел, жаман болмайсың» деп, темір жолға шақырады. Содан бастап Тәңірберген Аужанұлы темір жолда тапжылмастан, табаны күректей қырық жыл еңбек етіпті.
«Бастапқыда вагондарды пайдалану депосына слесарьдің шәкірті болып жұмысқа тұрдым. Бұдан кейін слесарь, вагон қараушы боп сатылап өсіп отырдым. Темір жолдағы жұмысымның соңғы жиырма жылында аға вагон қараушы болып жұмыс істедім. Осы жерден зейнеткерлікке шықтым» дейді кейіпкеріміз.
Осыны айтқанда, Николай Никитин, Қадыр Еселбаев сынды темір жолдағы жұмыстың қыр-сырын өзіне үйретіп, тәлім-тәрбие бере білген ұстаздарының есімдерін атады. Өзі де талай жасқа қамқоршы болып, шәкірт тәрбиеледі.
«Заманына қарай адамы» демекші, техника дамыған сайын адамдардың санасы да соған сай жетіледі. Қазіргі жастар зейінді деп айтар едім. Оларға дұрыс бағдар-бағыт көрсетсең, жұмысты дөңгелетіп алып кетеді» дейді Тәңірберген Аужанұлы.
Әрине, әр жұмыстың қиындығымен қатар жауапкершілігі болады. Кейіпкеріміз бұл туралы да сөз қозғамай қалған жоқ. «Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Екібастұздың көмірі алып одақтың әр мемлекетіне тасымалданатын. Пойыздар сол уақыттағы Целиноград қаласы арқылы өтетін. Сонда күніне 60 пойыздың вагондарын тексеретінбіз. Бірде вагондарды қарап жатқанда вагон қараушылардың бірі бір дөңгелектің ақауын тапты. Үстінен қарап шыққанымда, екінші дөңгелек жарылуға шақ қалғанын байқадым. Егер осылай кете берсе, қатерлі жағдайға әкелер еді. Сол жерде вагонның дөңгелегі ауыстырылғанша пойызды аялдаттық» дейді Тәңірберген аға.
Жұмысына аса үлкен жауапкершілікпен қарайтын азаматтың еңбегі де атаусыз қалмады. 1999 жылы «Мамандығы бойынша ең үздік жұмыскер» атағын алды. Қазір тұрып жатқан пәтерін де адал еңбегі үшін алды.
Тәңірберген Аужанұлының құдай қосқан жары Жұмакүл Төлегенқызымен шаңырақ көтергеніне алдағы тамыз айында қырық жыл толады екен. Жұмакүл апа 37 жыл мектепте сабақ беріпті. Қазір ол да зейнеткер.
Үлгілі отбасында үш бала өсіп, бәрі де оқып-тоқыпты. Ұлы Қанат пен үлкен қызы Жанар компьютер тілін меңгерген мамандар. Ал кенже қызы Ардақ өнер жолын қуып, музыкант атанған. Қазір Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрінде домбырашы.
Ағамыз Мәриям Жагорқызы, Үлебай Әнетұлы, Құлтума Өтемісұлы, бертінде Рабиға Есімжанова сынды дүлдүл өнерпаздар шыққан Қорғалжын өңірінің тумасы. Өзінің де домбыра шертіп, ән салатын өнері бар. Әсіресе, Шәмшінің, Әсеттің әндерін жаны сүйіп тыңдап, орындайды. Елордасы Астананың, туған қаласының күннен-күнге көркейіп жатқанына қуанып, «Бас қаланың өз бабында болуы үшін халық болып қызмет етіп, үлес қосуымыз керек» деп түйіндейді сөзін жетпістің жотасына көтеріліп отырған ағамыз. Мерейлі жасыңыз құтты болсын, аға!
Аманғали ҚАЛЖАНОВ
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?