Достық – Мойынты учаскесінің екінші жолдарының құрылысы бойынша 545 шақырым жол төселді

Жаңалықтар
27.09.2024, 14:38

Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдардың кең ауқымды құрылысы жалғасуда. Бұл жобаны іске асыру учаскенің өткізу қабілетін арттырып, қазақстандық өнімнің үздіксіз экспортын қамтамасыз етеді және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға айтарлықтай әсер етеді.  

Екінші жолдардың құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде. Учаскеде 450 астам арнайы техника және 1 мыңға жуық маман жұмыс істеуде.  

Жалпы ұзындығы 836 шақырым болатын екінші желіні төсеу үшін 7,2 млн текше метр жер төсемі төгіліп, 59 көпір мен 235 құбыр орнатылды және 575 км теміржол жолдары төселді. Достық — Мойынты учаскесіндегі жұмыстарды аяқтау 2025 жылы жоспарланып отыр, бұл ретте жекелеген учаскелерді іске қосу кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.  

Екінші жолдардың құрылысына қарамастан, қазақстандық жүктердің Қытай бағытындағы экспорты ұлғаюда. Ағымдағы жылдың 8 айында Достық – Алашаңқай  МАТП  арқылы тасымалдау көлемі 20% өскен, яғни 9,1 млн тоннаны құрады. Жабық вагондарда ұнтақ өнімдерінің экспорты 3 есеге, қара металдар 171%, түсті металдар 9%, мұнай және мұнай өнімдері 43% артты.  

Қазақстандық экспорттаушыларды қолдау мақсатында, жөндеу-құрылыс жұмыстарына қарамастан, ҚТЖ осы бағыт бойынша жүктерді тасымалдауға сұранысты барынша қанағаттандыруға тырысады. 29 қыркүйекте Мойынты станциясы бойынша екінші жол учаскесін негізгі жүріспен (Қарағанды учаскесі) қосу жоспарланған, осыған байланысты барлық жүк жөнелтушілерге жол бөлімшелерінен тиеуге тыйым салу енгізілгені туралы хабарланды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк жөнелтушілерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жағдайды түсінгені үшін алғыс білдіреді.  

 

Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ