Ашхабад қаласында экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркімен үкіметаралық комиссиясының он үшінші отырысы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Іс-шараға Қазақстан мен Түркіменстанның бейінді министрліктері мен ведомстволарының, оның ішінде "KTZ Express" АҚ (ҚТЖ еншілес ұйымы) өкілдері қатысты.
Тараптар көлік-логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. "Қазақстан - Түрікменстан - Ауғанстан - Пәкістан" мультимодальды дәлізін құруға ерекше назар аударылды.