Translogistica Kazakhstan-2024: инновациялық жобалар мен жетістіктер алаңы

Жаңалықтар
10.10.2024, 13:31
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

9 қазан күні Астанада көлік және логистика индустриясына арналған Орталық Азиядағы ең ірі іс-шараның бірі –  Translogistica Kazakhstan-2024 «Көлік және логистика» 27-ші қазақстандық халықаралық көрме өз жұмысын бастады. Үш күнге жалғасатын көрме іскерлік байланыстарды нығайтудың, көлік саласындағы инновациялық шешімдерді ілгерілетудің және серіктестік қарым-қатынастарды дамытудың маңызды құралы болып табылады.  

Сонымен қатар ол еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесінде мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін алаң іспеттес. Биылғы көрмеге елімізбен қатар шетелдің теңіз порттары, теміржол және Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары әкімшіліктері, логистикалық компаниялар, жүк тасымалдау үшін технологияларды әзірлеушілер мен өндірісшілер, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік билік өкілдері қатысты.  

Барлығы 19 елден келген 213 компания, соның 105-і қазақстандық, 108-і шетелдік екен. Бұл жолғы көрмеде Литва, Латвия, Эстония ұлттық стенділер орнатып, келушілерді өз жобаларымен және өнімдерін таныстыруда. Ұйымдастырушылар биылғы жылғы көрменің ерекшеліктері ретінде төрт конференцияның, сонымен қатар Expert Talks, көлік компаниялары, порттар, терминалдар басшыларының қатысуымен «Қазақстан–Нидерланды» іскерлік кеңесінің өтуін атап отыр. Сондай-ақ биыл бірінші рет 51 экспонент қатысуда.  

Бірінші күні көрме шеңберіндегі іскерлік бағдарлама төрт іс-шараны қамтыды. Алғашқы пленарлық отырыс «Қазақстандағы теміржол көлігі мен инфрақұрылымын дамыту» тақырыбына арналды. Конференция барысында ҚР Көлік вице-министрі, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағының бас директоры Қанат Әлмағамбетов көрменің ресми ашылу салтанатына қатысып, ашық диалог форматында өткен алаңда еліміздегі теміржол көлігі мен инфрақұрылымын дамыту бағытында іске асырылып жатқан жобалар мен атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы баяндады.  

Бұдан кейін конференция жұмысы «Темір жол инфрақұрылымы мен көлік тораптарын үйлесімді дамыту» және «Отандық темір жолды дамыту: трендтер мен перспективалар» сессияларына жалғасты.  

Бірінші сессияда «АМТП» ҰК» АҚ басқарма төрағасы-президенті Абай Түрікпенбаев Ақтау теңіз сауда портының қуатымен таныстырды. Ол бұл нысанның Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарын дамытуда маңызды рөл ойнайтынын, өзінің техникалық параметрлері мен құрылған бизнес-процестері арқасында порт қазіргі заманның халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін атап өтті. Техникалық жарақтандырылуы жүктердің кең номенклатурасын өңдеуге мүмкіндік беруде. Жыл басынан бергі сегіз айда порт арқылы тиелген жүк көлемі 3 млн тоннадан асқан. Негізгі бағыт Иран, Түркіменстан, Әзербайжан, Ресей, т.б. елдер.    

Абай Түрікпенбаев Ақтау порты базасында салынатын контейнерлік хаб құрылысы туралы жоспармен бөлісе отырып, бұл жобаға шетелдік инвестиция мен шетелдік тәжірибені тартпай іске асыру мүмкін емесін мәлімдеді. Сондықтан инвестор ретінде Қытайдың ірі порт компанияларының бірі «Ляньюньган порты компаниялар тобы» тартылып, бұл инвестициялық жоба тасымалды ортамерзімді және ұзақмерзімді жоспарлауға мүмкіндік беріп және де жүк жеткізілімі үшін тиімді жағдай жасайды екен.  

Қазақстанның Каспий әлеуетін тек ТХКБ дәлізі үшін ғана емес, халықаралық көлік аренасында басқа да бағыттар – Солтүстік-Оңтүстік дәлізі немесе Қытай тарапына қолдау көрсетіп отырған Қытай-Қазақстан-Иран дәлізін құру үшін пайдалануға болады. Мәселен, Солтүстік-Оңтүстік дәлізі бағытын дамыту үшін Иран, Түркіменстан және Ресеймен халықаралық көлік дәлізінің шығыс бағытының әлеуетін синхронды дамыту бойынша 2024-2025 жылдарға арналған жол картасына қол қойылған.  

«Темір жол инфрақұрылымы мен көлік тораптарын үйлесімді дамыту» сессиясында жаңа жолдар мен екінші жолдарды салу, станцияларды дамыту мәселелері сөз болды. Жаңа жобалар қатарында Астана, Тобыл, Никельтау, Алтынкөл станцияларының айналма жолдары, Мойынты – Қызылжар жаңа теміржол желісі мен Алтынкөл – Жетіген телімінде қос жолды кірістірмелердің құрылысы бар. Сонымен қатар Қызылжар – Сексеуіл, Қандыағаш – Тобыл, Ақсу – Дегелең – Жаңасемей, Әлімбет – Никельтау телімдеріне автоблоктау енгізу жобалары да бар. Осылайша, 2025 жылы 460 км  жаңа теміржол желісі құрылысы мен қолданыстағы 1818 км жолды жаңғыртуды бастау ұсынылып отыр екен.  

Көрме шеңберіндегі келесі бір конференция BreakBulk Kazakhstan Ірі және ауыр жүктерді тасымалдау тақырыбына арналды. Конференция аясында өткен екі сессияның бірінде «ТМTM, ТРАСЕКА және СОЛТҮСТІК-ОҢТҮСТІК дәліздері бойынша ірі және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау тәжірибесі мен келешегі», ал екінші сессияда «Қазіргі шынайы өмірде ауыр және габаритті жүктер нарығы. Жаңа көлік технологиялары және персоналды оқыту, стандарттау және саланы дамытуды қолдау» мәселелері талқыланды.    

 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда