Олжас Бектенов Alstom және Wabtec компаниясының басшыларымен кездесті

Жаңалықтар
01.11.2024, 09:40

Олжас Бектенов америкалық және франциялық Alstom және Wabtec компанияларының басшыларымен Қазақстанда теміржол машинасын жасауды одан әрі локализациялау жоспарларын талқылады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов Жаһандық инвестиция жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел аясында ірі халықаралық компаниялардың басшыларымен – теміржол машинасын жасау саласының әлемдік көшбасшыларымен кездесті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірлері бойынша Alstom француз компаниясының президенті Эндрю Делеонимен өндірісті одан әрі локализациялау және жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарлары талқыланды.

Alstom – еліміздің теміржол индустриясының негізгі инвесторы. 10 жыл ішінде компания құрылысқа, технологиялар трансферті мен қазақстандық мамандарды оқытуға шамамен €120 млн инвестиция салды. 1 мыңнан астам адам жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Астанада 7 өндірістік база ашылды, оның ішінде жолаушылар және ауыр жүк электровоздарын өндіретін «Электровоз құрастыру зауыты» бар.

Француз компаниясы 450-ден астам жаңа жұмыс орындарын аша отырып, электровозға техникалық қызмет көрсететін төрт орталықтың құрылысын бастады. Жобаның жалпы сомасы €50 млн-ды құрайды, Шу қаласында алғашқы сервистік орталықтың ашылуы 2025 жылға жоспарланған.

Зауыт Қазақстан мен ТМД нарығын бағындырып, өз орнын сәтімен иеленді. Шығыстан батысқа контейнерлік тасымалдың артуына байланысты шығарылатын өнімге сұраныс артты. Бүгінгі таңда өндіріс көлемі бойынша кәсіпорын Қазақстанда теміржол машинасын жасау секторында шамамен 30%-ды алады.  

Alstom басшысы Эндрю Делеони Қазақстанның инвестициялық саясатын қолдайтынын мәлімдеп, елімізде бизнес үшін жасалып жатқан жағдайлар өндірістік қуатты кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанда индустриялық және көліктік-логистикалық әлеуетін дамытуға бағытталған ынтымақтастықты кеңейту келешегіне назар аударылды, оның ішінде ҚТЖ-мен әріптестік мәселелері талқыланды.

 

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес